Компания туралы

«Алматы электр станциялары» акционерлік қоғамы («АлЭС» АҚ) – Алматы қаласы мен Алматы облысында жылу және электр энергиясын өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйым. «АлЭС» АҚ халықты, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық кәсіпорындарын электр энергиясымен және жылумен қамтамасыз етеді, жылу энергиясын өндіру жөніндегі табиғи монополия субъектісі болып табылады. «АлЭС» АҚ «ҚазТрансГаз» АҚ-ның 23.05.2006 ж. №92 шешімі негізінде құрылды және 01.06.2006 ж. тіркелді. Заңды тұлғаның мемлекеттік нөмірі 78188-1910-АҚ. Қазіргі уақытта компания «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобына кіреді. «АлЭС» АҚ ұйымдық құрылымына 8 өндірістік бөлімше кіреді.

Өндірістік департаменттер

  • Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО – электр және жылу энергиясын өндіру;
  • А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО – электрлік және жылу энергиясын өндіру;
  • 3-ЖЭО - электрлік және жылу энергиясын өндіру;
  • Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС–электр энергиясын өндіру;
  • Каскад ГЭС- электр энергиясын өндіру;
  • Батыс жылу кешені (БЖК) –жылу энергиясын өндіру;
  • «Энергожөндеу» өндірістік жөндеу кәсіпорыны (ӨЖК) –«АлЭС» АҚ жабдығын жөндеу;
  • Отынды қабылдау және түсіру орталығы (ОҚТО) –«АлЭС» АҚ энергия көздері үшін отынды қабылдау және түсіру орталығы.