Компания құндылықтары

ҚУАТ/QÝAT/ЭНЕРГИЯ

«Қамқорлық»/QAMQORLYQ/Наставничество
Біз әрқашан көмек пен қолдау көрсетуге дайынбыз

Біз әріптестерімізбен және серіктестермен сенімді қарым-қатынас жасау үшін шынайы әрекет етеміз

Біз тәлімгерлікке, тәжірибемен бөлісуге әрдайым дайынбыз

 «Уәдеге беріктiк»/ÝÁDEGEBERІKTIK/Надежность
Біз үздіксіз және сапалы жұмыс үшін жауаптымыз

Біз қоршаған орта мен экологияға ұқыпты қараймыз және болашақ ұрпағымыздың алдында жауаптымыз.

Біз барлық жерде қауіпсіз, жайлы және бәсекеге қабілетті еңбек жағдайларын жасау үшін жауаптымыз

Біз қабылдаған міндеттемелерге адал қараймыз

 «Адалдық»/ADALDYQ/Справедливость
Біз кез-келген мәселелерді шешу барысында, жағдайды объективті бағалаймыз және әділ шешімге келеміз.

Біз бірдей талаптарды қолдана отырып, тең мүмкіндіктерді ұсынамыз

Біз өзгелердің пікірін бағалаймыз, әрі өз ой-пікірлеріңізді білдіруге мүмкіндік береміз

 «Тәжірибе»/TÁJIRIBE/Профессионализм
Біз қойылған міндеттерге адал қарап, өз ісімізді мақтан етеміз.

Біз өз ісінің кәсіби біліктілері, өзін-өзі жетілдіріп, нәтижеге қол жеткіземіз.

Тиімділікті арттыру үшін біз әртүрлі көзқарастарды және әдістерді қолданамыз.