АлЭС: әрекетті қоғамдық бақылау

Сәуір айында «АлЭС» АҚ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңесінің кеңейтілген отырысы ұйымдастырылып, оған Б.Оразбаев ат. 1-ЖЭО, А.Жақұтов ат. 2-ЖЭО, 3-ЖЭО, Каскад ГЭС, БЖК, «Энергожөндеу» ӨЖК және ОҚТО өндірістік кеңестерінің өкілдері мен техникалық инспекторлары қатысты.

Негізгі назар Өндірістік кеңестер жұмысының нәтижелері мен жетістіктеріне арналды. «АлЭС» АҚ басшылығы еңбекті қорғау талаптарының орындалуына қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың алдын алу және қызметкерлердің денсаулығын сақтау жөніндегі өндірістік кеңестер мен техникалық инспекторлардың қызметін жүзеге асыру үшін барлық жағдайды қолдайды және жасайды.

Сондай-ақ, талқылауға «Самұрық-Энерго» АҚ-ның «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2023 жылға арналған өндірістік қауіпсіздік жөніндегі қызметінің қорытындылары және 2024 жылға арналған міндеттер» еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың функцияларын орындағаны үшін төлемдерді айына 10 АЕК-ке дейін ұлғайту және қауіпсіздік жөніндегі өндірістік кеңестердің және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың жұмысын күшейту туралы кеңестің хаттамалық тапсырмалары шығарылды.

– Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаты қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын ішкі бақылауға жәрдемдесуге бағытталған. Осылайша, Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 203-бабына сәйкес ұйымдарда Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер құрылады. «АлЭС» АҚ-да да өндірістік кеңес құрылып, 2017 жылдан бастап табысты жұмыс істеп келеді – деп бөлісті «Энергия» Жергілікті Кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Тымбасбаев.