Жекешелендіру. Акционердің жаңалықтары.

«Жекешелендірудің 2016 - 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысымен (бұран әрі - Қаулы) «Самұрық-Энерго» АҚ тобының ұйымдарын бәсекелес оратаға беруі қарастырылды.
Қаулыны орындау үшін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорымен» «Самұрық-Қазына» АҚ-ның әлеуметтік-экономикалық маңызы бар, оларды иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оларға билік ету Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне әсер ететін, бәсекелес ортаға басым тәртіппен беруге усынылатын (№ 1 тізбе), сондай-ақ бәсекелес ортаға беруге усынылатын (№ 2 тізбе) еншілес тәуелді ірі ұйымдарының тізбесі бекітілді.
Активтерді өткізу «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның активтерді өткізу, қайта құрылымдау және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей және жанама түрде меншік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-қа тиесілі ұйымдардың активтер өткізуінің бірыңғай ережелеріне (бұдан әрі – Ережелер) сәйкес жүргізіледі.
«АлЭС» АҚ активтердің құнын, өткізу тәсілдері мен шарттарын бағалайтын тәуелсіз кеңесшіні тарту арқылы Ережелерге сәйкес іске асырылатын № 1 Тізбеге қосылды.
Толығырақ ақпаратты http://www.samruk-energy.kz «Самұрық-Энерго» АҚ сайтында алуға болады.