Компанияның даму тарихы

Қызмет ете бастауы: 2006ж. маусым

Мекен-жайы: 050002, Алматы қ., Достық даңғылы 7

Тел. / факс: (+7727) 254-03-31 / 250-79-74

«АлЭС» АҚ қызметкерлерінің саны: 3227 адам.

«АлЭС» АҚ құрамына кіреді: Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО, А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО, 3-ЖЭО, БЖК, Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС, Каскад ГЭС, ӨЖК, ОҚТО.

«Алматы электр станциялары» АҚ құрылу тарихы

«Алматы электр станциялары» акционерлік қоғамы («АлЭС» АҚ) «ҚазТрансГаз» АҚ-ның 23.05.2006 ж.№92 шешімі негізінде құрылды және 01.06.2006 ж. тіркелді. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу нөмірі 78188-1910-АҚ. Қазіргі уақытта компания «Самұрық-Энерго» АҚ компаниясының тобына кіреді.

«АлЭС» АҚ - Алматы қаласы мен Алматы облысында жылу мен электр энергиясын өндіру бойынша қызметті жүзеге асырыатын энергия өндіруші ұйым. Қазіргі таңда өндірілетін жылу мен электр энергиясы Алматы қаласы мен Алматы облысы қажеттілігінің 70% қамтиды.«АлЭС» АҚ Табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік тізілімінің республикалық бөліміне енгізілген (жылу энергиясын өндіру бойынша табиғи монополия субъекті болып табылады).

«АлЭС» АҚ құрылымына келесі өндірістік департаменттер кіреді: Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО, А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО, 3-ЖЭО, Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС, Каскад ГЭС, Батыс жылу кешені (БЖК), Отынды қабылдау және түсіру орталығы (ОҚТО), «Энергожөндеу» өндірістік жөндеу кәсіпорны (ӨЖК).

Алматы ОЭС-ң (қазіргі Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО) жобалау мен құрылысы 1931 жылы басталды.Ал 1935 жылғы 25 қазанда бірінші агрегат өндірістік жүктемеге қойылды. : Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО құрамына келесі негізгі жабдықтар кіреді:

  • алты энергетикалық қазан агрегаттары БКЗ-160-100;
  • жеті су жылыту қазандары ПТВМ-100;
  • екі бу турбинасы ПТ-60-90/13;
  • бір бу турбинасы Р-25-90/18.

Жабдықтар 1960 және 1996 жылдар аралығында іске қосылған.

А.Жақұтов атындағы Алматы 2-ЖЭО құрылысы 1974 ж. басталды. 1980-1983 жылдары пайдалануға үш БКЗ-420-140-7С типті бу қазандары және үш ПТ-80/100-130/13 типті турбина енгізілді. Құрылыстың 2-кезегі 1985-1989 жылдары жүзеге асырылды. А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО құрамына келесі негізгі жабдық кіреді:

  • жеті энергетикалық қазан агрегаттары БКЗ-420-140-7с;
  • үш бу турбинасы ПТ-80-130/13;
  • екі бу турбинасы Т-110-130;
  • бір бу турбинасы Р-50-130/13.

Жабдықтар 1980 және 1989 жылдар аралығында іске қосылған.

Қуаты 100 мың. кВт болатын Алматы МАЭС-ң (қазіргі 3-ЖЭО) бірінші кезектегі құрылысының жобасы Алматы Совнархозының 1959 жылғы 9 желтоқсандағы шешімімен бекітілді. Құрылыс 1957 жылы басталды. 3-ЖЭО құрамына келесі негізгі жабдық кіреді:

  • алты энергетикалық қазан агрегаттары БКЗ-160-100;
  • үш бу турбинасы Т-41-90;
  • бір бу турбинасы К-50-90.

Жабдықтар 1960 және 1967 жылдар аралығында іске қосылған.

Батыс жылу кешенінің (БЖК) бастамасы 1963 жылғы 26 қарашада салынған еді. Ол кезде екі су жылытатын қазан орнатылды және пайдалануға берілді, 1964-67 жылдары пайдалануға тағы бір су жылытатын және бес булы қазан беріледі. Қазіргі уақытта БЖК құрамына келесі негізгі жабдық кіреді:

  • үш бу қазаны БО-25/15;
  • екі бу қазаны ГМ-50/14;
  • екі су жылыту қазаны ПТВМ-50;
  • алты су жылыту қазаны ПТВМ-100;
  • төрт су жылыту қазаны КВГМ-100.

Жабдық 1963 және 1988 жылдар аралығында іске қосылған.

Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС-ін жобалауды 1959 жылы С.Я.Жук атындағы «Гидрожоба» Бүкілодақтық жобалау-іздестіру институтының Қазақ филиалы жүзеге асырды, 1961-1964 жылдар аралығында жобаны пысықтаулар енгізілді. 1965 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 25.02.65 жылғы № 266-ө өкімімен салынып жатқан Қапшағай ГЭС дирекциясы құрылып, оның құрылысы басталды. 1980 ж. Қапшағай ГЭС-нің құрылысы аяқталып, Қапшағай ГЭС-ін мемкомиссиямен қабылдау актісіне қол қойылды.
Қазіргі уақытта Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭСі құрамына келесі негізгі жабдық кіреді:

  • төрт гидроагрегат ПЛ2-50/642-В-650.

Жабдық 1970 және 1971 жылдар аралығында іске қосылды.

Үлкен Алматы өзеніндегі Каскад ГЭС құрылысы РЭЖМК жоспарымен сонау 1920 жылы көзделген. Жобалауды және дайындық жұмыстарын 1942 жылы «Гидропроект» институтының Ленинград бөлімшесі бастады, ал 1943 жылдың сәуірінен бастап алғашқы электр станцияларының құрылысы басталды. Қазіргі уақытта Каскад ГЭС құрамына келесі негізгі жабдық кіреді:
1-ГЭС орнатылған үш гидроагрегат ф.Ансальдо (Италия);
2-ГЭС орнатылған үш гидроагрегат КВГ179х16,4-1;
5-ГЭС орнатылған бір гидроагрегат РО638-ВМ-100;
6,7,8-ГЭС орнатылған үш гидроагрегат ф.Лаффель (USA);
9,10,11-ГЭС орнатылған бір гидроагрегат РОФ700;
Талғар ГЭС-інде орнатылған үш гидроагрегат РО-15-ГМ-84.


Жабдық 1943 және 1963 жылдар аралығында іске қосылды.

Отынды қабылдау және түсіру орталығы (ОҚТО) 1998 жылы құрылған. ОҚТО АлЭС 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО департаменттерінің аумағында орналасқан үш телімге ие. ОҚТО отын және басқа жүктерді қабылдауды, түсіруді және беруді, сонымен қатар 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО департаменттерінің темір жолдарының жөндеуі мен күтілуін қамтамасыз етеді.

«Энергожөндеу» ӨЖК өндірістік-жөндеу кәсіпорны 1980 жылдың мамырында құрылған еді. Негізгі өндірістік бөлімшелері 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО, БЖК аумақтарында орналасқан. «АлЭС» АҚ барлық жылу қуат көздерінің негізгі және қосалқы жабдықтарын жөндеуді қамтамасыз етеді. «Энергожөндеу» ӨЖК құрамына 2-ЖЭО өнеркәсіптік алаңында орналасқан өндірістік база, сонымен қатар 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО,БЖК департаменттерінің аумақтарында орналасқан жөндеу цехтері мен телімдері кіреді.