Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС: Товкач Владимир Леонидович пен Мамырәлі Құлахметұлы Сейітбекті құрметті демалысқа шығарып салдық

2023 жылғы 13 ақпанда Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС Атокөлік учаскесінің автогидрокөтергіш машинисі Товкач Владимир Леонидович пен Электр машиналық цехы электр станцияларының электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесарі Мамырәлі Құлахметұлы Сейітбек зейнетке шықты.

Товкач Владимир Леонидович станцияда 12 жыл жұмыс істеді. Бұл жауапкершілігі жоғары білікті маман.

– Қонаев қаласында күзетші болдым, – деп әңгімесін бастады Владимир Леонидович. – 1967 жылы ата-анаммен бірге жас жұмысшы кенті "Новоилийск", кейіннен Қапшағай қаласына гидроэлектростанция салу құрылысына келдім. Балалық шағым Кеңес үкіметінің октябрь белгісі және пионер галстугімен өтті. Мен қаламен бірге өстім.

Владимир Леонидовичтің басты қызығушылығы техника мен автомобильдер болды, осы әуестігі мамандық таңдауға жол көрсетті. 16 жасында ол "Ертісгэсстрой" автоколоннасының оқушысы, содан кейін автослесарь болып жұмыс істей бастады. 18 жасында құрдастарының арасында алғашқылардың бірі болып жүргізуші куәлігін алды. Армия жылдарында әскери техникада жүргізуші тәжірибесін жинады.

– Менің 2010 жылы Қапшағай ГЭС-ке жұмысқа орналасуым тағдырдың сыйы деп білемін. Ұжымның өзара көмегі, қолдауы мен құрметі маған кәсіпорынды таңдауда қателеспегенімді көрсетті. ГЭС-тің әрбір жұмыскеріне құрметпен қараймын. Қапшағай ГЭС-пен байланысты еңбек өмірінің кезеңі менің өмірімдегі ең сәтті кезең деп санаймын.

Владимир Леонидович жас ұрпаққа еңбек жетістіктерін тілей отыра, білімдерін үнемі арттырып, мол еңбек тәжірибеге ие болуын тілейді. Кәсіпорында қалыптасқан жақсы еңбек дәстүрлерін сақтау өте маңызды.

Мамырәлі Құлахметұлы Сейітбек ГЭС-те 14 жыл еңбек етуде. Бұл станцияның жас электриктерінің көптеген ұрпақтарына тәлімгер болған жауапкершілігі мол және сауатты маман.

Мектептен кейін Мамырәлі Құлахметұлы құрылысшы болып жұмыс істеді. Электриктердің жанында жұмыс істегесін осы мамандыққа қызығушылығы оянды. Кейін техник-электрик мамандығы бойынша техникумға түсті.

– 2008 жылдың қараша айында Қапшағай ГЭС-ке ГЭС электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі 4-разрядты электрослесарь болып жұмысқа орналасты. Тәлімгерім В.А.Прописновтың қолдауымен жұмыста және станция ұжымында тез үйренісіп кеттім.

Мамырәлі Құлахметұлы өзінің шеберлігі мен кәсібилігін үнемі арттырып отырды. Жұмысқа әрқашан құрметпен және адал ниетпен қарады.

– Жас кезімде мен мұғалім болуды армандаушы едім. Тіпті педагогикалық университетке түсуге де тырыстым, бірақ нәтиже бермеді. Сол себептен болар тәлімгерлік мен үшін жаныма жақын. Мен өз тәжірибеммен жас буынды үйретіп, қуана бөлісемін.

Мамырәлі Құлахметұлы жас әріптестерін өз жұмысына адал және үнемі қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға, білімдерін арттыруға және станцияның апатсыз жұмысын бақылауға шақырады.