АлЭС: өндіріс ауқымы мені таң қалдырды

 

«АлЭС» АҚ 2019 жылы 13 қыркүйекте «Жас өркен» бағдарламасы бойынша кездесу өтті. Кездесуге бағдарламаға қатысушы жас мамандар мен тәлімгерлер қатысты, сондай – ақ өндірістік департаменттердің басшылары мен кадр қызметкерлері бейнебайланыс арқылы қосылған болатын. «Жас Өркен» жас мамандарды дамыту бағдарламасы «Самұрық-Қазына» қорының компанияларында жұмысқа орналасу үшін ең мықты әрі үздік түлектерді тарту және дайындау мақсатын алға қояды»,-деп атап өтті «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университеті жобасының үйлестірушісі Асель Актилеуова.

 


- Бірақ бұл компанияда нақты позицияға жұмыс орнында оқыту емес, белсенді азаматтық ұстанымы және кең кәсіби ой-өрісі бар жаңа буын басқарушыларыларын қалыптастыру және дамыту құралы болып табылады.

-«Алматы электр станциялары» АҚ-да өзінің алғашқы ротациясын өтуші, «Жас Өркен 2019» жобасының қатысушысы Данияр Жүнісов 1-ЖЭО туралы өз әсерімен бөлісті: .

 

 

- Мен бірінші рет станцияға келгенде, қатты қобалжып уайымдадым. Алғашында мен КСРО-ға келдім ба ойладым.Бұрын турбина цехын тек фото арқылы көргенмін. Бірақ бәрін өз көзіммен көргеннен, мүлдем басқаша екен. Мені өндірістің ауқымдылығы таң қалдырды! Станцияда өз ісінің мамандары, ашық жарқын және жауапты адамдар жұмыс істейді. Күн сайын бізде белсенді пікір алмасулар болып тұрады. Маған әсіресе, релелік қорғау, еңбекті қорғау саласында және т.б. жаңашылдықтарды меңгеру оңай. Мен әрдайым өз білімімді толықтырып отырамын.

 

Естеріңізге сала кетейік, 1-ЖЭО-да Данияр Жүнісовтың ротациясы 2019 жылдың 27 желтоқсанына дейін өтеді. Даниярдың тәлімгері Дінмұхамед Аймұратов, 1- ЖЭО электр цехының бастығы. Қазір олар екі жобамен жұмыс істейді: КРУ кәбілдік бөлігінің сенімділігін арттыру және ауаны тазарту бойынша орнату.