1-ЖЭО жұмыскерлері балаларға өз мамандығы туралы әңгімеледі

«Эдельвейс» балалар сауықтыру лагерінің екінші ауысымында 226 бала демалды. Әр сағат сайын балалар көңілді, қызықты және пайдалы өтеді. 2019 жылдың шілде айының соңында 1-ЖЭО қызметкерлері лагерьге келіп, балаларға электр энергиясын өндіру жайлы, сонымен қатар станцияларда еңбек ететін адамдар туралы әңгімелеп берді.

1-ЖЭО қызметкерлері балалармен кездесуге өте байсалды дайындалып, әрқайсысы бағдарламаның өз бөлігі үшін көрнекі құрал алып келді. Барлығы командалық ойын түрінде өтті, балалар отрядтарға бөлінді. 1-ЖЭО кадрлар бөлімінің бастығы Арайлым Айдаболова, балаларға 1-ЖЭО туралы және біздің өмірімізде энергетика қандай маңызды орында тұратыны туралы айтып берді. Балаларға Энергожүйе туралы қысқаша фильм және «Алматы электр станциялары» АҚ компаниясының өмірі туралы слайдтар көрсетілді.

Балалар химиялық эксперименттерге қызығушылықпен қатысты, оларды 1-ЖЭО Химиялық цехының инженер-технологы Гүлнара Дорошева жүргізді. Ол балаларға суды химиялық тазарту барысындағы химиялық үрдістер туралы айтып берді.

- Мен өмірімде алғаш рет судың кермектігін тексердім. Ортаны анықтап, қышқылды бейтараптандырдым. Маған өте қызықты болды! Кездесу соңында мені грамотамен марапаттады,- деп қуанышымен бөлісті 5 отрядттан Элина Белоглазова.

1-ЖЭО электр цехының өндірістік учаскесінің шебері Гаухар Алиева жарықтың қайдан алынатынын макет арқылы көрсетті. Балалар шарғының айналғанымен, шамның жануын үлкен қызығушылықпен көрді.

- Менің ойымша, картоппен жасалған тәжірибені балалар өмір бойы есте сақтайды. Кездесу соңында барлық командалар тәжірибелерге белсенді қатысқаны үшін, құрмет грамоталарымен марапатталды. Балалардың жаңа білімге деген құштарлығы сезілді. Ал ең бастысы, олардың көздері жанып тұрған сәтті көргенде, осындай іс-шаралардың қажеттігіне көзің жетеді, - деді Арайлым Айдаболова.

Жаз бойы тең мүмкіндіктерді ілгерілету жобасы аясында екі кездесу өткізілді. Үшінші маусымда тағы бір кездесу жоспарлануда.