Жақсылық еткен алғыс орады

Наурызды мерекелеу дәстүрі қарсаңында әр күн қайырымдылық пен қамқорлық жасауға толы болмақ. Мереке көктемді одан әрі құлпырта түседі, рухани азық береді. Мерекеге толы наурыз апталығында тағы бір мереке Қайырымдылық күні ерекше атап өтілуде. Биыл ол 15 наурызға тұспа-тұс келді, осындай мейрамда көмекке зәру әр адамға қамқорлық пен көңіл бөлу қажет.

Қайырымдылық жасау мен көмектесуге әрқашан дайын «АлЭС» АҚ қызметкерлері үшін бұл күн де ерекше күндердің бірі болды. Көптеген жылдар бойы компания қамқорлыққа алынған балалар үйлері мен қарттар үйлеріне қолдау көрсетіп келеді, оларға қолдан келгенше көмек көрсетіп, оларға рухани жылу сыйлап, сонымен қатар қажетті немесе өздері қалайтын сыйлықтар сыйлап келгені хақ. Ең құнды нәрсе – бұл стандартты берілетін нәрселер емес, көбінесе күнделікті өмірге қажет немесе жағдайына байланысты алынатын көмек десе де болады.

Мысалы, қазіргі қайырымдылық күнінде энергетиктерге көмек ретінде 14 наурызда 3-ЖЭО қызметкерлері «Жұлдыз» шағынауданындағы өздерінің қамқорлығындағы балалар үйіне асықты, өйткені алдынғы күндері Алматыда жапалақтан қалың қар жауған болатын...

Түнде оның аумағына көптеген бұтақтар мен ағаштар қалың жауған қарды көтере алмай құлаған болатын, мұғалімдер мен тәрбиешілерге қар тазалау оңайға соқпасы анық еді. Балалар үйінде үш пен 18 жас аралығындағы 68 бала тұрады және қызметкерлерге балалармен қатар бұрын – соңды болмаған қарды күреу оңай болмайтыны түсінікті. Сондықтан энергетиктердің ойлануға уақыты болмады.

– Біз балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үш КамАЗ бұтақтар мен отынды шығардық, – дейді 3-ЖЭО электр цехының жетекші инженері Қанат Әзімханов. – Онда 42 адам тұрады. Біз балаларға көмектескісіміз келді және біздің көмегіміз Қайырымдылық күніне тұспа-тұс келгеніне қуаныштымыз. Балалар үйінде жиналған отын мен бұтақтар Іле ауданының қарттар үйінің тұрғындарына керек екен, сол жаққа апарып тастадық.

Сол күні 22 жастағы Бейбарыс Хасанов та назардан тыс қалмады, ол жақында ата-анасы қайтыс болған, үш бауырымен қалған. Қазір Бейбарыстың қамқорлығында кәмелетке толмаған екі ағасы мен студент әпкесі бар. Ш.Шөкин ат. Қапшағай ГЭС қызметкерлері оның тағдырына немқұрайлы қарай алмады, қайғылы жағдай орын алған күннен бастап оны моральдық және материалдық қолдап келеді.

Қайырымдылық күні «Энергожөндеу» ӨЖК ұжымы үшін өз әріптесі – электрмен дәнекерлеуші Асыл Мұқашевке қолдау көрсетті. Оның отбасы қазіргі уақытта материалдық қиыншылықтарға тап болған еді және әріптестері оны азық-түлік себеттерімен және қаражат жинап, қолдау көрсетуге әрқашан дайын. Және осы Қайырымдылық күні де осы бағыттарынан айнымады.

БЖК қазандық цехының 4 санатты қазандықтар машинисі Максим Бурундуков қиын өмірлік жағдайға тап болды. Оның бес баласы бар, олардың біреуі мүгедек. Ол – үйінде жалғыз асыраушы. Отбасының табысы өте аз, әріптестерінің, достарының қолдауынсыз осыншама қиындықтарды жеңу өте қиын болар еді.

Станцияда олар тек материалдық жағынан көмек көрсетіп ғана емес, сонымен қатар оның жұмыс кестесін де өзіне қолайлы етіп құрастырып берген. Мәселен, мысалы, БЖК тоқтаған кезде ол «Энергожөндеу» ӨЖК-ге жұмысын ауыстырады, бұл оның табысын сақтап қалуға мүмкіндік береді. АлЭС-те 2008 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Максим Евгеньевич әріптестері туралы тек жақсы пікірде, себебі ол әрқашан көмек қолын созуға дайын.

Қайырымдылық күнінде әркім өзінің ең жақсы қасиеттерін көрсете алады. Энергетиктер игі істерін ешқашан жаһанға жария қылмайды. Көбінесе олар туралы басқалар айтады. Осылайша, 1-ЭЖЖЦ электр станциясы электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесары Айтқали Ақниет Асыл Өміржанұлы Мұқашевтің мейірімді, жауапкершілігі мол, жанашыр жан екендігі туралы ағынан жарылды. «Ол әрқашан өз міндеттерін уақытында орындайды және әрқашан басқаларға да көмектесуге дайын, ал біз оны әрқашан қолдаймыз», – деді Айтқали Ақниет.

Жақсылық жасағанда тек бір нәрсені беріп қана қоймаймыз, сонымен қатар, рухани толығып, байи түсеміз дейді. Сондықтан, барлық жерде жақсылық жасауға болады, мейлі бай-бақуатты, атақты, танымал болмасаңыз да, кішкентай жақсылық көп нәрсені өзгертетінін біліп жүруіміз керек.

Олар біреудің өмірін жақсы жаққа өзгерту үшін күлімсіреп жылулық сыйлау, мейірімді, жанашыр болудың өзі жеткілікті екендігіне сенімді. Бұл туралы бәріміздің жанымызға жақын Наурыз мерекесі қарсаңына тұспа-тұс келген Қайырымдылық күні еске түсіріп тұрады…