АлЭС: жұмыс берушінің есебі

2023 жылғы 3-6 сәуір аралығында еңбек ұжымдарында 2022 жылғы жұмыс қорытындылары және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы жиналыстар өткізілді. Есеп беру кездесуі жаңа форматта өтті. Өндірістік департамент жұмыскерлерінің алдында "АлЭС" АҚ Басқарма мүшелері, Омбудсмен, компания басқармаларының басшылары есеп берді.

Осы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік туралы есеп он екінші болып табылады. Онда өндірістік көрсеткіштер, жалақы қоры, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, қызметкерлерді дайындау, еңбекті ынталандыру саясатына және ақпараттық ашықтыққа қатысты мәліметтер көрсетілген.

– Баяндамашыларды тыңдап, "АлЭС" АҚ-да жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларға үнемі қолдау көрсетілетінін атап өтті, – деді А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО автоматика мен өлшеу құралдарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрослесарь Синиль Мұхамедов. – Сондай-ақ, табиғатты қорғау және жұмыскерлермен үлкен әлеуметтік жұмыс жүргізіліп жатыр.

Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО турбиналық цехының слесарь-сайманшы Гаухар Темірова станцияда 2022 жылдың тамыз айынан бастап жұмыс істейді және алғаш рет КӘЖ бойынша жиналысқа қатысты.

– Жиналыста біз әріптетеріміздің жұмысының тиімділігі мен қол жеткізілген нәтижелерін көрдік. Өнімділіктің ілгерілеуі мен жалақының өсуі туралы статистикалық деректер ұсынылды, – деп бөлісті Гаухар Темірова, біздің компанияның артықшылықтарының бірі – жыл сайын жұмыскерлерді, сондай-ақ болашақ маман-студенттерді оқыту. Жиналыста өзім білім алған, Ғ.Дәукеев атындағы АЭжБУ студенттерінің өндірістік тәжірибелері туралы айтылды.

Есеп нәтижелері бойынша сұрақтар қойылып, оларға егжей-тегжейлі жауаптар берілді. Жалпы, есеп компания жұмыскерлерінің үлкен қызығушылығын тудырды, олар жүргізіліп жатқан жұмыстарға қолдау білдірді және компанияның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы тұрақты дамуы бойынша тілектер мен ұсыныстар айтты.

Толығырақ https://ales.kz/ru/to-shareholder/101-prochaya-otchetnost/2119-2022 сайтынан қараңыз.