АлЭС: комплаенс жүйесін дамыту

«АлЭС» АҚ-да комплаенс қызметі 2021 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істейді. Компанияда сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың осы түрін енгізу және заңға толық сәйкес келу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

2022 жылғы 17 маусымда АлЭС-те «Самұрық-Қазына» АҚ бейінді компанияларындағы комплаенс жүйесін дамыту мәселесі бойынша кеңес өтті. Кеңес жұмысына «Алматы электр станциялары» АҚ 19 басшысы қатысты.

– Қазіргі уақытта комплаенс-қызметтер барлық портфельдік компаниялар мен олардың еншілес ұйымдарында құрылған, – деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ «Комплаенс» қызметінің басшысы Дәурен Акшалов. – Компаниялар тобында 77 дербес комплаенс-қызмет және 44 бөлімше жұмыс істейді, оларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-міндеттерді орындау жүктелген. Комплаенс-қызметтер тікелей басқару органдарына есеп береді, бұл олардың атқарушы органдардан тәуелсіз болуын қамтамасыз етеді. Қорда құрылған қызметтер сыбайлас жемқорлық және реттеуші тәуекелдерді басқару саласындағы үздік халықаралық тәжірибелерді қолданады. Осы тәуекелдерге ішкі талдау және мониторинг жүргізіледі, олардың нәтижелері компаниялардың басшылығына және мемлекеттік органдарға жіберіледі. Қорда қабылданған жаңартудың жаңа идеологиясы арнасында сатып алудың ашықтығын қамтамасыз етуде комплаенс рөлі күшейтілді.

2021 жылы «АлЭС» АҚ-да ішкі талдау жүргізілді. Нәтижелері бойынша 11 ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталып, олар жойылды. Мәселен, компанияның ішкі құжаттарына тиісті өзгерістер енгізу арқылы.

– Жүйелі алдын алу жұмысының арқасында қызметкерлердің көпшілігінде сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне мүлде төзбеушілік байқалады, – деді «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Ерлан Киркинбаев.

АлЭС-те ашық ақпарат көздері арқылы контрагенттердің сенімділігін тексеру бойынша жұмыс жүзеге асырылады. Үлгілік шарт, контрагенттердің үлестестігі мен сенімділігі үшін толтыруға арналған сауалнама, сондай-ақ ықтимал мүдделер қақтығысының декларациясы әзірленді.

Бұл компанияның сыбайлас жемқорлыққа тартылуы мүмкін контрагенттермен іскерлік қарым-қатынас тәуекелін азайтуына мүмкіндік береді.

– Комплаенс бағдарламасы шеңберінде компанияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылады, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту жоспары бойынша есеп тоқсан сайын директорлар Кеңесінде қаралып отырады. Заңнама бұзушылықтары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі тағы бір тиімді құрал бастамашыл ақпараттандыру жүйесі (жедел желі) болды, – деп жалғастырды «АлЭС» АҚ комплаенс-офицері Қанат Жанысбаев.

Жыл сайын компанияның барлық қызметкерлері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын білуі бойынша тестілеуден өтеді. Тренингтер өткізілуде, компания қызметкерлері үшін жадынамалар, презентациялар әзірленген.

Компанияның комплаенс қызметі ашықтық және іскерлік парасаттылық жағына қарай өзгерудің қозғаушы күші болып табылады.