« Кез – келген істі соңына дейін тыянақты түрде аяқтау, ең бастысы-сапа...»

Каскад ГЭС автоматика, өлшеу және байланыс цехының бастығы Ермурзаев Айғалидың ұстанымы

Бала кезімде футболшы болуды армандайтынмын. Кәсіби спортпен айналыстым, бірақ өмір өз түзетулерін жасады. Энергетикаға саналы түрде келдім: біздің кезімізде заңгер, қаржыгер, экономист мамандықтарын таңдайтын. Құрдастарым осы мамандықтарды таңдады, ал мен техникалық университетке түстім. Негізінде, мектеп жылдарында физика мен математиканы жақсы меңгердім. Техникалық мамандықты таңдау ішінара осы фактілерге негізделді.

Университетті бітіргеннен кейін минералды су шығаратын жеке ұйымға жұмысқа орналастым. Каскад ГЭС-те жұмыс істейтін достарым жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар екенін айтты. Биыл Каскад ГЭС-те жұмыс жасағаныма 10 жыл болады. Бастапқыда мен 3 разрядтағы электр станцияларының электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесарі болып жұмыс істедім.  Бұл жұмыс маған өте ұнады. Мұнда Каскад ГЭС-тің алғашқы электр жабдықтарымен таныстым.

Каскад ГЭС техникалық жағынан бірегей нысан. Бізде ең ұзын құбыр желісі: ҮАӨ-ГЭС-1, бүгінгі күні сенімді жұмыс істеп тұрған «General Electric», «Ansaldo San Giorgio» гидрогенератор-раритеттері бар! Каскад ГЭС арқылы өтетін барлық су одан әрі Алматы қаласының тұрғындары үшін ауыз су ретінде пайдаланылады.

Каскад ГЭС ұжымы өте ұйымшыл, әрі тату. Егер жұмыскерлердің өмірбаянын тыңдасақ, көпшілігі өмірін осы Каскад ГЭС-ке арнаған. Білім, тәжірибе атадан балаға жалғасып, мұра ретінде берілген. Бізде көптеген әулеттер еңбек етуде. Винницкий Сергей Владимирович, Рассказов Виктор Николаевич, Боронов Дархан Муханбеджанович, Сабырқұлов Бисембек Әбенұлы, Көшкенбаев Төлеген Қалыллайұлы деген менің керемет тәлімгерлерім болды.

Цехтың бұрынғы бастығы Сергей Владимирович Винницкийдің қоныс аударуына байланысты, маған автоматика, өлшеу және байланыс цехының бастығы лауазымы ұсынылды.

Менің жұмыс күнім цех ішіндегі жоспарлаудан басталады: ағымдағы сәттерді талдаймыз, жоспарлар мен тапсырмалар құрамыз. Ұйымдастырушылық сәттерден басқа менің міндеттеріме Каскад ГЭС жабдықтарын жаңарту бойынша жоспарлар мен есептер, ұсыныстар жасау кіреді.

Энергетика үнемі дамып келеді, сәйкесінше бұл саладағы адам үздіксіз жетілуге мүмкіндік алады. Электр энергиясын өндіру-бұл онлайн үдеріс, сәйкесінше туындайтын мәселелерді жедел шешу қажет.  Сондықтан мен әрқашан байланыста боламын. Станцияларға үнемі барып, әріптестеріме көмектесемін. Жұмыс орнымда көптеген схемалар бар. Ақпаратты қағаз тасымалдаушыдан электронды тасымалдаушыға аудару процесі қарқынды жүріп жатыр.

Әкем маған жасөспірім кезімде: «Біреу сеннен де мықты/үздік болуы мүмкін, бірақ бұл уақытша жағдай. Сен үнемі, жүйелі түрде өз дағдыларыңды жақсарту үшін білім алып, ізденуің керек, сен өзіңмен жұмыс жасауды ешқашан тоқтатпа»,-деп кеңес беріп еді. Сол кеңесті ұмытпай ұстанамын, көмектеседі.

Менің ойымша, өз мамандығыңызды жақсы көру өте маңызды, қалған қасиеттер осыдан туындайды. Таңдаған ісің өзіңе ұнау керек, сонда одан рахат алып, нәтижесін көресің. Уәждеме-бұл ішкі  жан -тәніңмен қарым-қатынас.

Жалығып кетпеуге, үнемі сергек жүру үшін спортпен айналысамын, спортпен шұғылданғаным  маған демалғанмен бірдей. Әрине, отбасының орны бөлек! Өмірдегі ең бастысы құндылығым -отбасым, мені қолдаушы, жанашыр жақындарым. Жұмыс, отбасы және сүйікті ісіңді тең ала жүру қажет. Өмірдің барлық салаларына уақыт табу маңызды.