Ардақты ата…

Б. Оразбаев атындағы 1-ЖЭО бас инженері Алексей Кимнің арманы орындалды

Кез-келген өндірісте тұрақтылықтың ерекше көрсеткіштері отбасылық әулеттер болып табылады, онда тәжірибе мен дағдылар ұрпақтан-ұрпаққа, ата-анадан балаларға беріледі. Бір-бірімен жақын адамдар әулеттің абыройын түсірмеуге тырысады. Осыдан еңбекқорлық, жауапкершілік, адалдық байқалады. Соның бірі, ұжымда құрметке ие Ким әулеті.

Алты жылдан бері станцияда Ким өкілінің екінші буыны – Алексей Андреевичтің ұлы – Алексей жұмыс істейді. Ол автокөлік учаскесінің бастығы лауазымын атқарады.

- Бала кезімнен бұл менің туған станцияма айналды, - деп бөлісті Алексей Ким. – Әкемнің жұмысына үнемі келіп тұратынмын, осылай бауыр басқаным сонша, тіпті станциядан басқа жерге жұмысқа бару туралы мүлдем ойламаппын.

111

2021 жылдың 22ақпанында Алексей Андреевичтің тағы бір арманы орындалды – дүниенің есігін ашқан София есімді сәбидің атасы атанды. Енді ол өмірдегі басты мақсаттарына қол жеткізгенін мақтанышпен айтады: мансаптық жетістік, тату отбасы, балалы-шағалы болу, ең бастысы - көптен күткен немересі дүниеге келді.

Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО ұжымы Алексей Андреевичті немересінің дүниеге келуімен шын жүректен құттықтап, ұзақ ғұмыр, немересінің жетістіктеріне қуанып, мақтан етуіне тілек білдіреді. София энергетика саласын таңдайды ма, жоқ па, бірақ біз осындай ұрпақтармен кез-келген салада үлкен биіктерге жететініне сенімдіміз.