3-ЖЭО: Владимир Геннадьевич Зацаринныйды құрметті демалысқа шығарып салды

2020 жылдың 20 қарашасында 3-ЖЭО ұжымы зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты, жылу автоматикасы және өлшеулер цехы электр станцияның автоматикасын және өлшеу құралдарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі 6-разрядты электр слесарі Владимир Геннадьевичті құрметті демалысқа шығарып салды. Жалпы еңбек өтілімі 46 жылды құрайды, оның ішінде 3-ЖЭО-де үздіксіз 41 жыл еңбек еткен.

Владимир Геннадьевич 3-ЖЭО-дағы алғашқы жұмыс тәжірибесін 1974 жылы алды. Кеңес Әскері қатарындағы қызметінен кейін 1979 жылы электростанцияға, жылу автоматикасы және өлшеу цехына 2 разрядты электрослесарі болып жұмыс істеуге келді. М.Д.Милецкий., Н.Т.Баранов сияқты тәжірибелі тәлімгерлердің көмегімен өзінің біліктілік деңгейін арттырды. Жұмыстың күрделі учаскелерін игерді. Ол ЖАжӨЦ аспаптарын зерттеді. 1985 жылы режимдік топтың, өндірістік-техникалық бөлімнің аға инженері болып ауыстырылды. Өндірістік-техникалық бөлімде жұмыс істеген уақытында есептеулерді орындау және техникалық-экономикалық көрсеткіштерге талдау жүргізу бойынша білімін игерді. Владимир Геннадьевич энергия үнемдеу іс-шараларының орындалуына бақылау жүргізді. 1990 жылы жылу автоматикасы және өлшеулер цехына электр станцияының автоматикасы мен өлшеу құралдарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр слесарі лауазымына ауыстырылды. Осы кезеңде жылу автоматикасы және өлшеу цехында жұмыс істей отырып, өнертапқыштық ұсыныстарды әзірлеумен және енгізумен белсенді айналысты.

2007 жылы инженер-бағдарламашы болып ауыстырылды. Инженер-бағдарламашы болып жұмыс істеген уақытында өзін жауапты және жоғары білікті маман ретінде көрсетті. Жоғары деңгейде 3-ЖЭО АЖБ техникалық құралдардың, бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз етудің сенімді жұмысын қамтамасыз етті. Желі мен жүйенің есептеу техникасын ақаусыз күйде ұстап тұрды, техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді уақтылы жүргізді, пайдаланудың сенімділігі мен тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды орындады.

2019 жылы бағдарламалық қамтамасыз ету тобының қайта құрылуына байланысты Владимир Геннадьевич жылу автоматикасы мен өлшеу цехы электр станцияның автоматикасы мен өлшеу құралдарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі 6-разрядты электр слесарі болып ауыстырылды.

Үлкен өмірлік және еңбек тәжірибесінің арқасында жылу автоматикасы және өлшеу цехындағы әріптестерінің ортасында лайықты бедел мен құрметке ие.                         В.Г.Зацаринный жемісті және адал еңбегі үшін, жоғары өндірістік көрсеткіштерімен станциясының қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін компанияның атынан Алғыс хаттармен және Құрмет грамоталармен марапатталды.