«АлЭС» АҚ бригадирі Олег Пекущев жатып сығымдап көтеруден Азия чемпионатында «күміс», «қола» жеңіп алды

2019 жылдың желтоқсан айының басында Алматыда классикалық Пауэрлифтинг бойынша Азия чемпионаты өтіп, оған 22 елден спортшылар қатысты. 500-ден астам спортшы пауэрлифтинг бойынша үш дисциплина бойынша жарысқа түсті: штангамен отырып тұру, көлденең орындықта жатып көтеру, бітімге тарту. «Энергожөндеу» ӨЖК бекіту арматурасын жөндеу учаскесінің бригадирі Олег Пекущев Азия чемпионаттарында бірнеше рет жеңді.

Биыл ол 40-50 жас аралығындағы 74 кг дейінгі салмақ дәрежесінде ардагерлер арасында екінші нәтиже көрсетті. Олег штангамен отырып тұру дисциплинасында 185 кг нәтижесімен қола жүлдегері, ал жатып сығымдап көтеруден 122,5 кг салмақта күміс жүлдегері иеленді.

Мен пауэрлифтингпен 7 жыл айналысамын. Алдымен тек жатып сығымдап көтеру бойынша қатыстым. Қазір осы спорт түрін одан әрі дамытуды жоспарлап отырмын.Менің әріптестерім қолдау көрсетіп, маған сенім артқаны үшін алғысымды білдіремін, - деді Олег Пекущев. 2020 жылдың мамыр айында Чехияда кезекті әлем чемпионаты өтеді және демеушілік қолдаумен осы жарысқа қатысуға мүмкіндік бар.

Біз Олегті қолдауға келдік. 2018 жылы ол Дубай қаласында (Біріккен Араб Әмірліктері) жатып сығымдап көтеру бойынша Азия чемпионатында жеңіске жетті. «АлЭС» АҚ Олег 2012 жылдан бастап жұмыс істейді. Біздің қасымызда чемпиондардың еңбек ететінін мақтан тұтамыз, - деді «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының төрайымы Фариза Ботақараева.

«АлЭС» АҚ бұжымы біздің спортшымыз Олегке жаңа спорттық жеңістер мен арманға жетуді тілейді!