АлЭС: Байқау жеңімпазы - Олег Штунь «Сатып алуларды санаттық басқару»

«АлЭС» АҚ Жөндеулер қызметінің бас маманы Олег Штунь «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС өткізген «Сатып алуларды санаттық басқару» байқауына қатысты. Байқау «Май және жағармай» категориялық стратегиясы бойынша Бизнесті трансформациялау бағдарламасын жүзеге асыру аясында өтті.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның сұратуы бойынша «АлЭС» АҚ-да пайдаланылған майларды жинау, сақтау, есепке алу, тазалау (регенерациялау) және қайта пайдалану жөніндегі нұсқаулық» әзірленіп, бекітілді.

- 2018 жылдың соңынан мені «АлЭС» АҚ-ның техникалық сарапшысы болып «Май және жағармай» санаты бойынша сатып алу категориялық тобының құрамына тағайындады. «АлЭС» АҚ-дан алты ай бойы ерекшелігі мен құрылымын ескере отырып, ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілді. Қосуға тиісті ұсынылған шарттардың қорғауы жүргізілді.

Біз категорияны басқару бойынша ағымдағы мәселелерді талқыладық, пайдаланылған жағармай материалдарын сақтау және жинау тәсілдерін қарастырдық. Интерактивті және көшпелі талқылаулар өткізілді, - деді Олег Штунь. - Нәтижесінде біздің стратегиямызды «Самұрық-Қазына» АҚ ең үздік танып, бекітті. Мен «Ойлау дизайны» тақырыбында шеберлік сыныпқа қатысуға сыйлық сертификатымен және дипломмен марапатталдым.

Дауыс беру қорытындысы бойынша, «Сатып алудағы бизнес-үдерістерді жаңғыртудың үздік жобасы» номинациясы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ «Май және жағармай» сатып алу категориялық тобы жеңіске жетті.