Ұстазымыз – Кежек Бершенович Искаков мәңгі есімізде

 

Өткен жылдың қазан айында жастарға қалдырған мұрасы мол, көптеген шәкірт тәрбиелеген инженер Кежек Бершенұлы Ысқақов ұстазымыз дүниеден озды. Ол Ақтөбе облысы,Мұғалжар ауданының Жаркемір ауылының тумасы, еңбек жолында аямай еңбек еткен жарқын тұлғалардың бірі. Өмір жолының 46 жылын өндірісте өткізген. Мәскеу энергетикалық институтының алғашқы түлектері қатарында Алматы 1-ЖЭО жұмыс істей бастады және электр монтерінен электр цехының бастығына дейінгі жолды жүріп өтті, жылу және электр желілерінде еңбек етті, кейін 25 жыл бойы «Казтехэнерго» республикалық орталығын (Казэнергоналадка) басқарды.

Кежек Бершенович Қазақстан Республикасының энергетика саласын дамытуға баға жетпес үлес қосты. Қазір республикамыздың энергетика саласында табысты еңбек етіп келе жатқан көптеген энергетиктерді тәрбиелеген. Кежек Бершенұлы техника ғылымдарының кандидаты, профессор, Ұлттық Инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген энергетигі, КСРО құрметті энергетигі атағының иегері болған. Оның аса көрнекті ұйымдастырушы, бірнеше публицистикалық кітаптардың авторы және көптеген ғылыми-техникалық еңбектердің ерекше дарындылығы ғалымдардың да, практик – энергетиктердің да терең құрметі мен сүйіспеншілігін бөленді.

Ұстаз өзінің «Инженердің жазбалары...» атты кітабында өмірдегі бастан кешкен сәттерін еске алады. Бұл кітапта энергетика саланың дамуы қазақ даласының Ұлы Отан соғысынан, бастап Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына арналған жазбалар орын алған. Ал осы кітапта қанша адам тағдыры өтеді! Бұл тек белгілі энергетиктер ғана емес, академиктер Шафик Чокин мен Тимофей Иванович Батуров, оның достары-Атабақ Омарұлы Арыстанов, Ахмади Құдайбергенұлы Жаржанов, Евгений Федорович Марков, Мұрат Ғазизұлы Саламатов, Болат Ғазизұлы Нұржанов, Мұхамбетқазы Тәжин, Мәдениет тарихындағы маңызды тұлғалар – Сәбит Мұқанов, Мәлік Ғабдулин, Бауыржан Момышұлы және басқалар.

Кежек Бершенұлы біздің жадымызда өз ісінің майталманы, жауапты басшы және тамаша адам ретінде мәңгі сақталады. Ол өз заманының ғана емес, еліміздің тарихында қалатын жарқын тұлғалардің бірі.