Спартакиадада алғашқы қадам

2019 жылдың 7-8 маусымында Нұр-сұлтан қаласында бірінші Республикалық салааралық еңбекшілер Спартакиадасы өтті. Спорттың алты түрі бойынша жарысқа қатысқан 12 құрама команда: шахмат, тоғыз құмалақ, қол күресі, үстел теннисі, мини-футбол, волейболдан өнер көрсетті. Қазақстансалалық энергетиктер кәсіподағы еңбекшілер спартакиадасында «Самұрық-Энерго»АҚ құрама командасы қатысты. Оған «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Мойнақ ГЭС»АҚ, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ және «Б. Нуржанов ат.Екібастұз ГРЭС-2» ЖШС қатысты. «АлЭС» АҚ-ның атынан 2-ЖЭО РҚжАинженері Мирас Қияков шықты. Ол үстел теннисі құрама командасына кірді.

- Үстел теннисімен студенттік жылдардан бері айналысамын. АлЭС-тің атынан мен 2014 жылы «Самұрық-Энерго» спартакиадасында, 2017 жылы «Самұрық – Қазынада»өнер көрсеттім. Екатерина Ережепова («Богатырь Көмір» ЖШС), Магжан Тажикеев (Самұрық-Энерго) және мен алғаш рет биылғы жылы біз команда болдық. Бізде техникасы қойылған, мықты құрам болды.
Біз өз жұмысымызды жасап, жеңіске жетуге ұмтылғанбыз. Қиын күресте жеңдік. Менде жағымды сезім қалды. Біз командада жұмыс істедік, мұндай форматта мен алғаш рет өнер көрсеттім.

Спартакиада ұйымдастыру- шыларына және «Самұрық-Энерго» АҚ басшылығына, бізге қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіремін.

Энергетиктер үстел теннисінен, волейболдан, қол күресінен мықты болды, сондай-ақ мини-футболдан (II орын), шахматтан (II орын), тоғыз құмалақтан (II орын) жүлделі орындарға ие болды. Жалпыкомандалық есепте – Қазақстандық салалық энергетиктер кәсіподағы бірінші орынға ие болды және осылайша еңбекшілердің республикалық салааралық спартакиадасының бірінші чемпионы атанды!