«АлЭС» АҚ: ұжымдық шартқа қол қойылды

2019 жылдың 30 мамырында әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мақсатында жұмыс беруші мен Қоғам қызметкерлерінің өкілдерінен құрылған екі жақты комиссиясы 2019 жылғы 1 маусымнан бастап 2022 жылғы 31 мамырға дейін қолданыста болатын «2019 – 2022 жылдарға «Алматы электр станциялары» АҚ Ұжымдық шартына қол қойды.

Ұжымдық шарт - бұл Қоғам деңгейінде әлеуметтік әріптестіктің мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормалары мен шарттарымен салыстырғанда қызметкерлердің жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін құқықтық акт. Ұжымдық шарттың жаңа редакциясын жасаған кезде Компанияның бұрын қабылдаған барлық жеңілдіктері мен кепілдіктері сақталды. 2016 жылғы 1 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің жаңа редакциясының, сондай-ақ «2019-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының энергетика саласындағы салалық келісімінің» бөлек нормалары мен шарттары да белгіленді.

Қызметкерлерге жеңілдіктерді визуалды және жедел анықтау мақсатында «Жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелері бойынша сүт алуға, қысқартылған жұмыс уақытына, қосымша ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысына және көтеріңкі еңбек ақы мөлшеріне құқығы бар зиянды (аса зиянды) және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін мамандықтар мен лауазымдар тізбесі» қайта қаралды.

Әлеуметтік бағдарламаларға «АлЭС» АҚ өндірістік департаменттеріндегі жұмыс орындарында тәуекелдерді бағалай білу және өндірістік қауіпсіздік тәуекелдерін басқару жүйесін түсіну бойынша үздік қызметкер» және «АлЭС» АҚ өндірістік департаменттері арасында еңбекті қорғау жұмысы бойынша үздік ұйым» байқауларының жеңімпаздарын көтермелеу қосымша енгізілді.

2019-06-04 114546