Шығармашыл жұп. Данияр мен Асем Батыровтар.

       Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығы көктем мерекесінің қарсаңында Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлу атты ғашықтар күніне «Самұрық - Қазына» қоры компаниялар тобының қызметкерлері арасында ғажайып махаббат жайында әңгімелер байқауын өткізді. Бұл байқауға 52 жұп қатысты.

       «АлЭС» АҚ атынан Данияр мен Әсем Батыровтар, Артен мен Диляра Шабаковтар, Жеңіс Узибеков и Төрепаш Ажар қатысты. Олар бір-бірімен корпоративтік іс-шараларды дайындау, ұйымдастыру кезінде танысқан «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының негізін қалаушы белсенді жастар. «Жарқын Болашақ» ЖҰ дайындыққа жиі жиналып, іс – шаралар әзірлеу, жақын танысып, араласып жүргенде бір- бірін ұнатып, нәтижесінде шаңырақ көтерген.

       Байқау 2019 жылдың 8-13 сәуірі аралығында, SKNews.kz. сайтында ашық дауыс беру арқылы өтті. Дауыс беру нәтижесі бойынша жеңімпаздар айқындалып, сонымен қатар, әділқазылардың шешіміне сәйкес 3 қатысушыға «Ынтымағы жарасқан жұп», «Шығармашыл жұп» деген номинациялар берілді.

Креативная пара

       «Энергожөндеу» ӨЖК жөндеу қызметінің бас маманы Данияр Батыров: «Мен бұл байқауда өзімнің махаббатымды өлең шумақтарымен жеткіздім», - деп бөлісті. Біз ағайын, дос, қызметтестердің қолдауымен үздік бестік құрамына іліндік. Осы байқауға қатысатынымыз туралы ақпарат барлық чаттар мен әлеуметтік желілерге тарады. «АлЭС» АҚ ұжымы, соның ішінде «Энергожөндеу» ӨЖК департаменті бір отбасыдай, жұмылып дауыс берді.

       Күн сайын әріптестеріміз бізге қолдау жасап, дауыс берген ағайындары мен таныстарының скриншоттарын жіберіп отырды. Бұл жобаға қатысқанымыз қуаныш пен өзгеше әсер сыйлады. Біз осы байқаудың ұйымдастырушыларына және қолдаған барлық жандарға үлкен алғысымызды білдіреміз.

«Жарқын Болашақ» ЖҰ төрайымы Фариза Ботақараева: - Аталған байқауда «АлЭС» АҚ мен «Энергосбыт» ЖШС ұжымы жақсы қолдау көрсетті. Қатысқан жас отбасыларына деген жылы лебіздеріңіз үшін мың да бір алғыс. «Жарқын болашақ» Жастар ұйымы өз ортамызда бес шаңырақтың құрылуына дәнекер болды. Жақсылық жалғасын тауып жатыр, жастар сәбилі болып, қазіргі уақытта бала тәрбиелеп, жас буынға үлгі болып жүр».

       https://sknews.kz/lovestory/uchastniki_soc сілтеме бойынша біздің жастардың махаббат туралы әңгімелерімен толығымен танысуларыңызға болады.