Ауа ластануының көздері және оларды жіктеу

«Адам. Қоғам. Табиғат» айдарында біз қоршаған ортаға зиян тигізетін негізгі «ластаушылар» заттектермен таныстыруды жалғастырамыз. Өткен санда ауаны негізгі ластаушылардың тағы бір тобы – азот, күкірт, көмірсу тотықтарымен, қатты бөлшектер туралы баяндадық.

Бұл санда біз ауаны ластаушы көздермен және олардың жіктелуімен таныстырамыз.

Ауа  химиялық, физикалық және биологиялық ластану түрлеріне шалдығады.

  • Бірінші жағдайда атмосферада көмірсутектер, ауыр металдар, күкірт диоксиді, аммиак, альдегидтер, азот және көміртегінің жоғары концентрациясы мен артық мөлшері байқалады;  
  • Биологиялық ластануда ауада әр түрлі организмдердің өмір сүру өнімдері, токсиндер, вирустар, саңырауқұлақ споралары мен бактериялар болады.
  • Шаң немесе радионуклидтердің атмосферадағы көп шоғырлануы физикалық әсердің барын растайды. Жылулық, шулы және электромагниттік шығарындылар салдарын да ластанудың осы түріне жатқызады.
  • Ауа ортасының құрамына адам да және табиғат та  әсер етеді. Атмосфера  ластануының табиғи көздері: вулкандар кезеңінде белсенділік, орман өрттері, топырақ эрозиясы, шаңды дауылдар, тірі организмдердің. Метеориттердің жануы кезіндегі шаң әсері болар болмас.

  • Атмосфералық ауа ластануының антропогенді көздері:
  • химия, отын, металлургия, машинажасау өнеркәсіптері;
  • ауылшаруашылығы (авиация көмегімен пестицидтер шашу, мал шаруашылығының қалдықтары);
  • жылу энергетикалық құрылғылар, отын және көмір жағу;
  • көлік (ең «ластары» - ұшақ пен машиналар).

Ауаның ластану деңгейін қалай  айқындайды?

ҚАЛАДАҒЫ АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАНЫҢ САПАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖАСАУДА АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ЗИЯНДЫ ЗАТТАР КОНЦЕНТРАЦИЯСЫН ҒАНА ЕМЕС, СОНЫМЕН ҚАТАР  ОЛАРДЫҢ ӘСЕР ЕТУ УАҚЫТЫНДА ТЕКСЕРЕДІ. АТМОСФЕРАНЫҢ ЛАСТАНУЫН КЕЛЕСІ КРИТЕРИЙЛЕР БОЙЫНША БАҒАЛАЙДЫ:

  • Стандартты индекс (СИ) – ластаушы материалдың өлшенген ең жоғары бір жолғы концентрациясын қоспалардың  шекті рұқсат етілетін концентрациясына  бөлу нәтижесінде алынған көрсеткіш.
  • Атмосфераның ластану индексі (АЛИ) кешенді шама, оны есептеу кезінде ластағыш заттектің зиянды коэффициентін, сонымен бірге оның орташа жылдық және шекті рұқсат етілген тәуліктік нормасындағы концентрациясын назарға алады.  
  • Ең көп қайталануы (КҚ) – ай немесе жыл ішінде шекті рұқсат етілген концентрациядан пайызбен көрсетілген асып кету жиілігі (максималды бір реттік).  

Егер СИ 1 ден аз, АЛИ 0-4 шегінде құбылып отыратын болса, ал КҚ 10% - дан аспайтын болса, ауа ортасының ластану деңгейі төмен болып саналады. Ауаның ластану дәрежесі жоғары  болған деңгейде атмосферадағы  СИ 1-5, АЛИ – 5-6, КҚ – 10-20% құрайды.  Көрсеткіштері: СИ – 5-10, АЛИ – 7-13, КҚ  – 20-50% құрайтын қалаларда  ластану деңгейі жоғары.

Ауаны қалай  тазартуға болады?

Өнеркәсіптік кәсіпорындарда  шығарындылар көлемін реттейтін технологияларды енгізу атмосфералық  ластануды азайтуға  мүмкіндік береді.

Таза ауа үшін күресте қалдықтарды кәдеге жаратудың кешенді бағдарламасы стратегияның маңызды элементті болып табылады. Ол қоқыстар көлемін азайтуға, сондай-ақ оны сұрыптау, өңдеу немесе қайта пайдалануға  бағытталған болуы тиіс. Ортаны, соның ішінде ауаны  жақсартуды  көздейтін қалалық жоспарлау  велосипед инфрақұрылымын дамытуға, ғимараттардың энерготиімділігін жетілдіруге, қалалық жүрдек көліктерді дамытуға бағытталған.