ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ

Қоғамда 2022 жылғы 31 мамырда ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін жазбаша келісім түріндегі құқықтық акт – «Алматы электр станциялары» АҚ-ның 2022-2025 жылдарға арналған Ұжымдық шарты жасалды.

Осы Жұмыскерлер өкілдері (Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің кәсіподақ комитеттерінің 8 төрағасы-«Энергия «Жергілікті кәсіподақ» Қоғамдық бірлестігінің мүшелері) мен Жұмыс берушінің өкілдерінен (Басқарма төрағасы бастаған қызмет бағыттары бойынша 8 басшы) тепе-теңдік негізде құрылған әлеуметтік әріптестіктің құжаты екі жақты комиссия жұмысының нәтижесінде әзірленді, келісілді және жасалды.

Ұжымдық шарттың бұрынғы редакциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар дайындау барысында Тараптар басшылыққа алды:

– еңбек саласындағы кемсітушілікке тыйым салу, Тараптардың өзара жауапкершілігі, өзара міндеттемелерді қабылдау еріктілігі, оларды қамтамасыз етудің нақтылығы және орындаудың міндеттілігі қағидаттарын қоса алғанда Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының негізгі қағидаттары;
– Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының, әлеуметтік әріптестіктің Бас, салалық және өңірлік келісімдерінің нормаларымен салыстырғанда Жұмыскерлердің жағдайын жақсарту қажеттілігі;
– «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасының қызметкерлердің әлеуметтік пакетін жақсарту жағына қарай қайта қарау туралы тапсырмасым (2022 жылғы 25 ақпанда №9-р бекітілген «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі 2022 жылға арналған Кешенді жоспардың» 2-тармағына сәйкес).

Ұжымдық шартта бір жағынан Жұмыс беруші – «АлЭС» АҚ-ның еңбек ұжымы мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу жөніндегі міндеттемелері, екінші жағынан еңбек ұжымы мүшелерінің Жұмыс берушінің құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелері нақты айқындалған және белгіленген.

«АлЭС» АҚ Ұжымдық шарты «АлЭС» АҚ еңбек ұжымының барлық мүшелеріне қолданылады.

Ұжымдық шартқа сәйкес «Энергия «Жергілікті кәсіподақ» қоғамдық бірлестігі келесі құқықтарға ие:

  • «АлЭС» АҚ еңбек ұжымы мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін ұсыну және қорғау;
  • Жұмыс берушіден Ұжымдық келіссөздер жүргізу үшін қажетті толық және айқын ақпаратты сұрату және алу, Ұжымдық шарттың орындалу барысын, еңбек туралы, кәсіподақтар туралы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
  • Жұмыс берушімен қолданыстағы Ұжымдық шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуді келісу;
  • «АлЭС» АҚ-ның еңбек ұжымы мүшелерінің жұмыс орындарына өз өкілдері арқылы кедергісіз кіру.

«АлЭС» АҚ ұжымдық шартының нормаларында Тараптар төмендегілерге міндеттенеді:

  • ұжымдық шарттың талаптарын мүлтіксіз сақтау;
  • әлеуметтік әріптестік, тең құқылық және тараптардың мүдделерін құрметтеу қағидаттары негізінде өзара қарым-қатынас құру, қарама-қайшылықтан аулақ болу, барлық даулы мәселелерді тек компания ішінде келіссөздер мен кеңестер арқылы шешу;
  • жұмыскерлердің өндірістік қызметте өмірі мен денсаулығының басымдығын қамтамасыз ету;
  • қызметкерлерге тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, ұлттық шығу тегіне, тіліне, жасына, жынысына, мүліктік немесе лауазымдық жағдайына, бухгалтерлік есеп жүйесінде персоналдың біртекті санаттарын өндірістік немесе әкімшілікке, тұрғылықты жеріне, дінге көзқарасына, нанымына, азаматтыққа және қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына қарай, сондай-ақ қызметкердің іскерлік қасиеттері мен оның еңбегінің нәтижелеріне байланысты емес басқа да мән-жайларға байланысты кез келген кесітушілікке жол бермеу.

«АлЭС» АҚ Ұжымдық шартына 13 бөлімнен тұрады. Бұл 11 Қосымшада егжей-тегжейлі сипатталған еңбек қатынастарын, жұмыс уақыты мен тынығу уақытын, еңбекке ақы төлеу, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайларын, тараптардың жауапкершілігін, ынталандыру түрлері мен әлеуметтік кепілдіктерді және т.б. реттеу жөніндегі Ұжымдық шарттың бөлімдері.

«АлЭС» АҚ-ның 2022-2025 жылдарға арналған Ұжымдық шарты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 156-бабы 11-тармағының талаптарына сәйкес «Алматы қаласы еңбек инспекциясы басқармасы» КММ-де (бұдан әрі-Басқарма) мониторинг және есептік тіркеу рәсімінен өтті. (24.06.2022 ж. №24) 2022 жылғы 1 маусымнан бастап күшіне енді, қолданылу мерзімі 2025 жылғы 31 мамырға дейін.

Ұжымдық шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе бұзғаны үшін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 97-бабының 3-бөлігіне сай кінәлі тұлғаларға 400 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік белгіленген.

«АлЭС» АҚ Ұжымдық шартының алдыңғы редакциялары екі рет Қазақстан Республикасындағы үздіктердің бірі ретінде аталып өтілген («Парыз-2015» конкурсының «Ірі кәсіпкерлік субъектілері арасындағы Үздік ұжымдық шарт» номинациясының лауреаты, «Парыз-2020» конкурсының нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің және Алматы қаласы әкімдігінің Алғыс хаттары).