АлЭС: кәсіби шеберлік байқауы

2018 жылы 10-14 желтоқсан аралығында «Алматы электр станциялары» АҚ-да «2018 жылдың үздік газбен кесушісі» және «2018 жылдың үздік электрмен дәнекерлеушісі» деп аталатын екі дәстүрлі байқау ұйымдастырылды. Аталған байқау ҚЖЦ және «Энергожөндеу» ӨЖК дәнекерлеу полигонында өтті. Бұл жарыстар компанияның қызметкерлеріне кәсіби деңгейін көрсетуге, әріптестерінен үйренуге мүмкіндік беретін жыл сайынғы оқиға болып табылады. Аталған жарыстар компания қызметкерлерінің өз кәсіби дайындық дейгейін көрсетуге, тәжірибемен алмасуға мүмкіндік беретін жыл сайын өткізілетін жақсы дәстүр болып табылады.

Байқау екі кезеңді қамтыды: 10,11 желтоқсанда «2018 жылдың үздік газбен кесушісі», ал 12,13 желтоқсанда «2018 жылдың үздік электрмен дәнекерлеушісі» жарысы өтті. Аталған байқауға барлығы 20 қызметкер қатысты.

«2018 жылы мамандығы бойынша үздік электрмен дәнекерлеушісі» байқауын аша отырып, металдар және дәнекерлеу қызметінің аға шебері Құсайын Наурузов: біздің компаниямыз өзінің үздік қызметкерлерін ұмытпайды. «Энергожөндеу» ӨЖК басшылығының, 2- ЭЖЖЦ қызметкерлерінің өтініші бойынша «2018 жылы мамандығы бойынша үздік электр дәнекерлеушісі» байқауы 2- ЭЖЖЦ 6 дәрежелі электрмен дәнекерлеушісі Нұржан Нығыметовті еске алуға арналған. «Біз оны қарапайым, парасатты және еңбекқор адам ретінде жадымызда сақтадық», - дейді Құсайын Наурузов.

- 2017 жылы Нұржан Нығыметов электрмен дәнекерлеушілер байқауында 1 орын алған болатын, - деді металдар және дәнекерлеу қызметінің жетекші инженері Қанат Мұсаханов. – 10 жылдан астам уақыт ол ол «Энергожөндеу» ӨЖК дәнекерлеушісі болып жұмыс жұмыс істеді. Нұржан жұмысқа қабылданғанда 2 дәрежелі электрмен дәнекерлеуші болатын. 2007 жылы ол МжДҚ жанындағы дипломды электрмен дәнекерлеушілердің білігін арттыру курсын аяқтады. Нұржан өз жұмысына аса жауапты болатын, бірнеше байқауларға қатысты. 2017 жылы байқауға қатысқаннан кейін ол 6 дәрежелі дипломы бар дәнекерлеуші болды. Өте адал, жауапты қызметкер болатын Нұржан.

Бірінші орын ҚЖЖУ 3 дәрежелі слесірі М.Р.Суанбековке берілді. Ал екінші орын 2- ЭЖЖЦ 6 дәрежелі слесірі С.М. Леуске, ал үшінші орын ҚЖЖУ 3 дәрежелі слесірі И.Д.Алматаевқа берілді.

Қатаң әділ қазылар құрамында МжДҚ жетекші инженерлері К.Н.Мұсаханов, Т.В.Власова, Ю.М.Черкашин және НК жөніндегі екінші деңгейдегі ақаутапқышы Н.Л.Мирончик, А.С.Султанов бақылау үлгілерінің дәнекерленген жіктер сапасын және байқаушылардың теориялық білімдерін бағалады. Дәнекерленген жіктер сапасын анықтау үшін ультрадыбысты УД2-102 дефектоскопы қолданылды.

Дәнекерлеушілер арасында өткен байқаудың қорытындысы бойынша 10 үздік қатысушы анықталды. І - орын 1 - ЭЖЖЦ 5 разрядты дәнекерлеушісі С.А.Нургалиевқа берілді. Екінші орын 3-ЭЖЖЦ 6 разрядты дәнекерлеушісі А.С.Джунусовқа, ал ІІІ орын ҚЖЖУ 4 дәрежелі электрмен дәнекерлеуші А.К.Тулебиевке берілді.

«Энергожөндеу» ӨЖК Бас инженері Данияр Мамаев жарыс жеңімпаздары мен қатысушыларына диплом, грамота және құнды сыйлықтар тапсырды. Кәсіби шеберлік байқауына қатысушылар арасында жас мамандар көп болды. - Мен байқауға алғаш рет қатысып отырмын, - деді 2-ЭЖЖЦ 3 дәрежелі электрмен дәнекерлеушісі Алимбек Ербол, - Мен осында алдағы уақытта кәсіби шеберлігімді арттыруға ынталандыратын құнды тәжірибе жинадым.

Жас маман жауапкершілік, әріптестерін түсіне білу және еңбек қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаудың жұмыс нәтижесі мен сапасына тікелей ықпал ететіндігін жақсы түсінеді. Кәсіби байқауға қатысушылар төрт күн бойы электрмен дәнекерлеу және металдарды газбен кесуде жоғары кәсібилік көрсетті. Жыл сайынғы жарыстар «АлЭС» АҚ қызметкерлерінің одан әрі кәсіби шыңдалуы мен өсуіне игі әсері болатын ширату алаңы болады. Байқауды қорытындылай келе металдар және дәнекерлеу қызметінің бастығы Юрий Шиханов аталған байқаудың барлық міндеттерінің жүзе асқанын, мақсатттардың ақталғанын атап көрсете отырып, тәжірибелік жаттығулардың жарыс режимімен үйлесімі қызметкерлердің күнделікті еңбегінде оңтайлы нәтиже беретінін атап өтті.

Анықтама: Электрмен дәнекерлеушілер жарысы 1999ж., ал газбен кесушілер жарысы 2007 жылдан бастап өтеді.