Жаңарту бағытымен

2017-11-21 182113

Қапшағай ГЭС өндірістік департаментінде станция жабдығын қайта құру, жаңарту және заманауи технологияларды енгізу жұмыстары кезең – кезеңімен жүргізілуде. ОРУ - 220 кВ жабдығын қайта құру – тозған ауа ажыратқыштарын элегаздыға ауыстыру сондай жобаның бірі.

Жалпы құрылыс шаралары, соның ішінде тірек құрылыс конструкцияларын ауыстыру жұмыстары ғимараттар мен гидроқұрылыстарды пайдалану жөніндегі цех бастығы Анатолий Харитоновтың бақылауымен жүргізілді.

Электр машиналық цех бастығы Сергей Даниленко мен электр техникалық зертхана бастығы Андрей Ивановтың басшылық етуімен ОРУ-220 кВ. қайталама тізбегінің электр жабдығын қайта құру, монтаждау және жалғастыру жүзеге асырылды.

2017-11-21 182125

«Жүзеге асырылған іс шаралар ОРУ-220 кВ. жабдығын жөндеуге жұмсалатын шығындарды, ауыстырылатын ауа ажыратқыштары бактарындағы сығымдалған ауа қысымын қолдау үшін компрессорлық шаруашылықтың пайдаланатын электр энергиясын үнемдеуді қамтамасыз ете отырып, тұтынушыларға электр энергиясын жеткізу сенімділігін айтарлықтай арттыруға ықпал етеді», - деп атап көрсетті Қапшағай ГЭС басқарушы директоры Серик Калиев.