Жеңімпаздар марапаты

2017 жылдың 4 қазанында Талдықорған қаласында Еңбек мерекесіне орай түрлі мамандық үздіктерінің, еңбек әулеттері, еңбек ардагерлері мен талапты жастардың қатысуымен салтанатты іс –шара өтті. Осы аталған тұлғалардың барлығын кәсібіне деген сүйіспеншілік, қайраттылық, еңбекқорлық біріктіреді, бұлардың көбі өмірін кәсібіне арнаған жандар. Осы аталған жиында «Еңбек жолы» өңірлік конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері салтанатты түрде марапатталды.

Иван Михайлович Потуданский, «Алматы электр станциясы» АҚ 3-ЖЭО қазан цехы қазан жабдығының 7 разрядты аға машинисі«Еңбек жолы»республикалық конкурсының өңірлік деңгейінде «Жұмыскер жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша екінші орынды қанжығасына байлап, 300 мың теңге сомасында сертификатпен марапатталды.

Калибек Джанадилов, аталған конкуска «Үздік жас маман» номинациясы бойынша қатысып, мақтау қағазымен марапатталған 3-ЖЭО электр цехының электр жабдықтарға қызмет көрсету жөніндегі электр монтері.

«Бізге қолдау жасап, дауыс беруге қатысқандарыңыз үшін көп рахмет. Біз Қазақстанымыздың экономикасын дамыту мен нығайтуға өз еңбегімізбен үлес қоса алғанымыз үшін қуанамыз. Еңбегіміздің еленгені мерейімізді арттырды. Алматы облысының әкімдігіне және «АлЭС» АҚ, 3-ЖЭО департаментінің басшылығына үлкен алғысымызды айтып, ризашылығымызды білдіреміз», - деді Иван Михайлович Потуданский.

Фотода «Еңбек жолы» облыстық конкурсының жеңімпаздары Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омармен.