Мың естігеннен, бір көрген артық

2017 жылдың 3-6 қазаны аралығында «Самұрық-Энерго» АҚ бастамасы бойынша Фазоил Салимов Люблин қ. (Польша Республикасы) өндірістік іссапармен барып, «Megatem» ЖЭО –сын өз көзімен көріп, жұмысымен танысып қайтты. Осы сапардың мақсаты Люблин ЖЭО –сында «DAGAS» фирмасының REDUXCO катализаторын пайдалану нәтижесімен іс жүзінде танысу болды.

 

«Станцияда әр қайсысы 50т/сағ бу өндіретін барлығы 5 бу қазаны бар. Осы Люблин ЖЭО –сы қаланың жылуға деген 30% сұранысын қамтамасыз етеді. Станция аталған катализаторды бес жылдан бері пайдаланып келеді. Ол жабдықтың түрлі жұмыс режиміндегі жану процесінің тиімділігіне ықпал етеді. «DAGAS» фирмасы өкілдерінің баяндауынша, REDUXCO катализаторының уытсыздығы оның басты артықшылығы», - деді өз әсерімен бөліскен 2-ЖЭО басқарушы директоры Фазоил Салимов.

 

Анықтама: REDUXCO катализаторын қалыпты және тікелей пайдалану отын шығынын азайтады және қазан өндірімділігін арттырады. Ол шикізаттың физикалық – химиялық қасиеттерін сақтауды қамтамасыз етеді, сипаты нашар отынды жағуға және ақырғы өнімнің сапасын артыруға мүмкіндік береді. «DAGAS» фирмасы өз катализаторларын Польша, Хорватияжәне Вьетнам нарығында өткізудеОсыған қоса, фирма жану процесімен қатар, жылу алмастырғышты тотығу өнімдерінен және шөгінділерден қауіпсіз химиялық тазартуды жүзеге асырады.