Экологиялық жағынан таза және энерготиімді

2017-09-05 093318

2017 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен 1-ЖЭО негізгі отын түрі келісімге келтірілді. Отынның негізгі түрі ретінде табиғи газ орнатылды. 1-ЖЭО бойынша келесі жағымды қорытындыларға алып келеді:

-     Қоршаған ортаға тиетін кері әсер азаяды (атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары азаяды, күл-қожды шығарындылардың болмауы);

-     Электр және жылу энергияларын өндіруге кеткен шартты отынның меншікті шығынын азайту;

-     Қазан цехінің отын беру, көмірді ұсақтау жабдықтарын пайдаланумен және жөндеумен байланысты шығындарды азайту;

-     Ауыз суды пайдалануды төмендету.