Дәстүрлі велошеру

2017 жылдың 5 тамызында «АлЭС» АҚ «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының активистері «Жастар салауатты өмір салты үшін!» ұранымен салауатты өмір салтын насихаттауға арналған кезекті велошеруді ұйымдастырды.

Велошеру бастауын Абай даңғылынан алды (Желтоқсан к. бұрышы), кейін Розыбакиев көшесімен әл-Фараби даңғылына дейін жоғары бағытталды. ҚР Бірінші Президенті Паркіне дейін жетті. Кейіннен әл-Фараби даңғылы бойынша Фурманов көшесіне дейін, Абай-Желтоқсан көшесінде мәресіне жетті.

2017-08-28 154229

«Біз салауатты өмір салтын насихаттаймыз. Салауатты жас ұрпақ – салауатты ұлт. Қазіргі кезде көптеген жастар спортпен шұғылданады, біз, ЖҰ активистері ретінде жас ұрпақты спортқа тартуға тырысамыз», - «Жарқын Болашақ» ЖҰ төрағасы Ботакараева Фариза атап өтті.

2017-08-28 154241

- Мен спортпен шұғылданғанды қатты ұнатамын, әсіресе велоспортты, - деп, жастар ұйымының активисті Рыспеков Мейрамбек бөлісті. – Мен бірнеше рет жалпы қалалық және корпоративті спорт шараларына қатысқам. Спорт әрдайым маған шабыт береді! Спортшы ретінде, барлықтарыңызды салауатты әрі белсенді өмір салтын ұстануға шақырамын.

2017-08-28 154300

Анықтама: Алматы қаласы бойынша автоматтандырылған веложалдау жүйесі ұйымдастырылған. Жоба демеушісі «Самұрық-Қазына» АҚ. Толық ақпаратты www.almatybike.kz сайтынан ала аласыздар.

2017-08-28 154314