Мекленбург – Алдыңғы Померания федералды жерінің Энергетика, инфрақұрылым және дигитализация министрлігінің өкілдері «АлЭС» АҚ келді

2017 жылғы 10 шілдеде «Алматы электр станциялары» АҚ басшылығы Германияның Мекленбург – Алдыңғы Померания федералды жерінің Энергетика, инфрақұрылым және дигитализация министрлігінің өкілдерімен кездесті.

Екі жақты кездесуде тараптар Қазақстан Республикасындағы энергетиканың даму мәселелерін талқылады. «АлЭС» АҚ Басқарма төрағасы, Алматы қ. маслихатының депутаты неміс жерінен келген қонақтарды «АлЭС» АҚ қызметімен таныстырды. Талқылау барысында барлық мүдделі сұрақтарға жауап алынды.

Қазақстан Орталық Азияныңқуатты мемлекеті және Мекленбург – Алдыңғы Померанияның сауда саласындағы беделді өңірлік серіктесі. «Алматының ірі энергетикалық компанияларымен танысу- біздің кәсіпорындар үшін қазақстан нарығында мол мүмкіндіктерашады деп ойлаймын», - деді Кристиан Пегел, Мекленбург – Алдыңғы Померанияның федералды жерінің энергетика, инфрақұрылым және дигитализация министрі.