«Алматы электр станциялары» Акционерлік қоғамы «Үздік ұжымдық шарт» номинациясында "Парыз-2015" байқауының жүлдегері

    2015 жылғы 11 желтоқсанда «Парыз-2015» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті.«Алматы электр станциялары» АҚ «Үздік ұжымдық шарт» номинациясында мүсінмен және дипломмен марапатталды.

0162

    «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Мұхамед-Рахимов «Парыз» байқауы – әлеуметтік кәсіпкерлікті насихаттау және компания қызметін бағалаудың аса маңызды шарасы болып табылады. Біз қызметкерлеріміздің еңбек және әлеуметтік құқықтарын жақсарту мен нығайтуға бағытталған мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін бар күш жігерімізді саламыз, өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты жұмыс берушінің әлеуметтік жауапкершілігі, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы компания басымдылықтардың бірі болып табылады. «АлЭС» АҚ Ұжымдық шарты - компания тұрақтылығының кепілі және корпоративтік мәдениет элементтерінің бірі. Өндіріс тиімділігін және компания қызметкерлерінің әл – ауқатын қамтамасыз етуде оның маңызы зор екендігін атап өтті.

0163

    «АлЭС» АҚ Ұжымдық шарты 2013 жылдың 1 маусымынан бастап 2016 жылдың 31 мамыры аралығын қамтитын мерзімге жасалған (бұл компания тарихында жаңа редакциядағы төртінші ұжымдық шарт). Ұжымдық шарт – компанияда жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы әлеуметтік – еңбек қатынастарын реттейтін құжат. Осы аталған шарттың негізгі қызметі — қызметкерлердің әлеуметтік және еңбек құқықтарын кепілдендіру. Ұжымдық шарт жұмыс берушінің және ұжымның міндеттері анықталған маңызды ішкі нормативтік акт болып табылады.
    «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауы 2008 жылдан бастап Елбасының бастамасымен өткізіледі. Жалпы алғанда 8 жылдың ішінде оған үш мыңнан астам кәсіпорын қатысты. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің деректері сәйкес, 2015 жылы байқауға еліміздің түрлі өңірлерінен 541 кәсіпорын қатысты.