Оқушылар энергетикалық станциясының жұмысымен танысты

«Химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің» оқушылары Б.Оразбаев ат. 1-ЖЭО-ға барды

2024 жылдың наурыз айының басында ХББ НЗМ оқушылары энергетика әлемімен танысуға жолдама алды. Экскурсия барлық қауіпсіздік ережелері сақталды. Басында барлығы станцияның Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінде нұсқамадан өтті. Содан кейін Өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы Айбек Шаяхметов экскурсия өткізді. Ол станцияның жұмысы, электр энергиясы мен жылу өндірісі, суды тазарту процестері және әртүрлі мамандардың рөлдері туралы толық ашып айтты.

Станцияның жас қызметкерлері, БжТҚК инженер-технологы Дина Әбдімәжит және электр цехының РҚА аппаратурасын жөндеу жөніндегі электромонтер Бекзат Калелов мансаптағы өзінің көтерілу тәжірибесімен, сондай-ақ компанияның барлық қызметкерлеріне бірдей қарастырылған тең мүмкіндіктер туралы бөлісті.

9-сынып оқушысы Әукен Бағшарды 1-ЖЭО-дағы қызмет барысы тәнті етті: «Ең алдымен станция қызметкерлеріне электр энергиясын өндіруде қолданылатын процестер мен технологиялар туралы көбірек білуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтқым келеді. ЖЭО ұжымының кәсібилігі мені таң қалдырды, ол менің барлық сұрақтарыма қуана жауап беріп, электр энергиясын өндірудің әрбір кезеңін түсіндірді. Станциядағы тазалық пен тәртіп жолға қойылғандығын атап өткім келеді. Алматы 1-ЖЭО-ге келгеніме өкінбеймін, көп нәрселерге көзім ашылды, жақсы әсерде қалдым».

11 сынып оқушысы Санжар Ғалиев электр энергиясын өндірудің күрделі процесін адам ағзасының жұмысымен салыстырды:

– Станция қазандықтар, трансформаторлар және генераторлар сияқты көптеген бөліктерден тұрады. Дәл осы құрылғыларды көргенде, біз күнделікті қолданатын нәрсенің қаншалықты күрделі жолмен алынатынын түсінеміз. Әсіресе, судың сапасы титрлеу арқылы тексерілетін химиялық цех есімде қалды. Шығарылған газдың тазалығын бақылау да өте қызықты болды.

8-сынып оқушысы Ернат Мырзақұл үшін станцияға экскурсиялауда жаңа ақпараттарға ие болды. Ол қалаға судың қайдан келетінін, электр қуаты қалай өндірілетінін және станциядағы жабдық қандай қуатпен жұмыс істейтінін біліп алды.

– Мен станцияны аралап, көргеніме өте қуаныштымын, – деп жалғастырды 8 сынып оқушысы Мәулен Мағжан. – Станцияда өз ісінің мамандары жұмыс істейтіні бірден байқалады. 1-ЖЭО-де тек электр энергиясын ғана емес, сонымен қатар жылуды да өндіреді екен, бұл оны жергілікті инфрақұрылым ретінде маңыздылығын арттыра түседі. Сондай-ақ теміржол мен шағын зертхананың болуы да қызғылықты.

Жылу электр орталығына жасалған экскурсияда оқушылар станцияны өз көздерімен көріп, зор тәжірибе жинады.