Басты мәселе туралы пікірлесу

«АлЭС» АҚ Басқарма төрағасы Ерік Маширов «Жарқын болашақ» жастар ұйымының өкілдерімен жиі кездесіп тұрады. Өндіріс пен ұжымның өзекті мәселелерін шешу үшін оларды тұжырымдау, барлық тараптармен талқылау, бірлесіп шешу алгоритмдерін жасау өте маңызды. Сондықтан, егер жастардың компания басшысымен алғашқы кездесуі көп жағдайда таныстыру түрінде болса, онда бұл жолы кәсіпорынның жұмысын жақсарту, қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын арттыру үшін қандай міндеттерді шешу керектігі туралы әңгіме болды.

– Кездесу компанияда жастарды жұмысқа тарту және оларды қызықтырудың жаңа саясаты бағытында болды. Онда маңызды мәселелер, соның ішінде жас қызметкерлердің мәселелері де көтерілді, – дейді Каскад ГЭС инженер-метрологы Гүлназ Мерембай. – Маған біздің компанияда қарапайым маманнан бастап цех бастығына дейін көтерілуге болатындығы ұнайды. Мұны Ерік Қанышбекұлы бірнеше рет атап өтті, ол – жастайынан еңбек етіп, мансап баспалдақтарынан өзі көтерілген маман. Ол өз жұмысына өте мұқият және жауапкершілікпен қарайды. Мен Басқарма төрағасының белсенді адал, ынталы қызметкерлерге көмектесуге және қолдауға әрқашан дайын тұратындығына тағы да көз жеткіздім. Ол жастарды мақсаттарға жетуге талпындыра алады, дос болудың, ертеңгі күнге сенімді қарауға, ұжымдық рух атмосферасын құруға ынталандырады. Кездесу проблемалы сұрақтар қоюға, маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді. Және бұл өте құнды ақпарат! Осы диалог барысында мен көптеген қызықты және пайдалы ақпараттар алдым, сонымен қатар жақсы адамдардың жақсы энергиясы сезіліп тұрды.

Басқарма Төрағасымен кездесу барысында көптеген мәселелер көтерілді. Оның ішінде гендерлік теңдік, қызметкерлерді ынталандыру, оларды оқыту және мамандықтарды игеру, жұмыс разрядтары мен кадрлық «көтерілу» қағидаттары, кадрлардың кетуі, сондай-ақ бос уақыт, спорт және «AlmatyMarathon»-ға қатысу тақырыптары, мәдени іс-шаралар, оқу шеңбері, қайырымдылық... т.б. көптеген мәселелер талқыланды.

 

– Кездесудің әрбір қатысушысы өзін қызықтырған сұрақты қойып, толық жауап ала алады. Бұл әңгімені қызықтыра түсті десек те болады, – деп Қапшағай ГЭС электромашиналық цехының бас маманы Айдар Бейсенов өз әсерімен бөлісті. – Басқарма төрағасы бізбен пайдалы кеңестер мен ұсыныстармен бөлісті. Сөйлесу достық форматта өтті. Диалогтың барлық қатысушылары қарым-қатынастың бұл форматын жоғары бағалады: бұл – ақпарат алмасу мен компания басшылығынан құнды кеңестер алудың тамаша тәсілі.

 

 

 

 

ОҚТО жетекші инженер-технологы Саин Санжар компанияның бірінші басшысының жастармен ортақ тіл табу және олардың бастамасымен шабыттандыру қабілетін атап өтті. «Бұл ұжымға оң әсер етеді, шығармашылық даму мен өсудің жаңа перспективаларын ашады», – деді Санжар Саин.

 

 

 

Галстуксіз бейресми таңғы ас компания үшін де, әрбір қызметкер үшін де кадрлық саясат тақырыбына терең бойлауға мүмкіндік берді. Айзада Тілеухан, ОПП бас маманы былай дейді:

– Біз проблемалық мәселелерді, соның ішінде кадрлардың кетуін ашық талқыладық. Біз бірлесе отырып, қазіргі жағдайды өзгерте аламыз деген жалпы тұжырымға келдік. Мен үшін бұл кездесу тек мәселелерді талқылап қана қоймай, белсенді әрекет ету, жұмыс істеу және компаниядағы жағдайды жақсартуға ұмтылу маңызды екендігін түсінемін.

Жас энергетиктер диалогқа қатысып қана қоймай, 1-ЖЭО БӨАжА инженері Әділ Әбілдаев өз мақсатын да атап көрсетті. Ол басшымен диалогтан көп нәрсе алғанын, бірақ ең бастысы – өзі ұстануға үміттенетін нақты мақсаттар мен міндеттер қойғанын атап өтті. «Мен біздің басшылығымыздың әрқашан заман ағымына ілесіп жүретініне қуаныштымын», – деп қорытындылады Әділ.

 

 

Өзін-өзі дамытуға және оның энергетика саласының болашақ дамуына баса назар аудару, бұл процестердің өзара байланысы туралы «Энергожөндеу» ӨЖК ӨТБ өндірісті дайындау жөніндегі инженер Жанерке Панарханқызы айтып өтті. – Ерік Маширов ұсынған даму тұжырымдамалары мен статистика жаңа идеяларға, өндіріске деген өз көзқарастарымызды қайта қарау керектігін көрсетті, – деп мойындады Жанерке. – Бұл тек ақпарат қана емес, одан әрі жетістіктер мен дамуға шабыттандырды. Мен жеке және кәсіби өсуге ұмтылатындардың барлығына осындай кездесулерге қатысуды ұсынамын.

 

 

 

 

«Энергожөндеу» ӨЖК электр слесары Айтқали Ақниет «АлЭС» АҚ басшысының оқуға деген ұмтылысын жеке тұлғаның тұрақты дамуының бір жолы деп есептейді. Бұл сонымен қатар жас қызметкерлерге қосымша мотивация береді. Ал БЖК релелік қорғау және автоматика аппаратурасын жөндеу жөніндегі электромонтері Мирас Мәдіқасымов кездесу қорытындысын былай тұжырымдады: «Жеке-жеке біз бір тамшымыз. Бәріміз бірге жұмылсақ – мұхитпыз. Мен бәрімізді бірлікке шақырамын, содан кейін ғана біз жетістікке жетеміз. Біз бірге болашаққа алға ұмтылайық!»

 

 

БЖК Химия қызметінің инженер-технологы Әсем Сәдуақас «алға қойған мақсаттарға жетудегі жас басшының үлгісін» атап өтті және оны қолдайтындығын білдірді.

Кездесуді Б.Оразбаев ат. 1-ЖЭО жөндеу қызметінің бастығы, жастар ұйымының төрағасы Әсет Әмірбеков қорытындылады:

«Төрағамен кездескеннен кейін жастардың ынтасы арта түсті десек болады. Біз департаменттерде спортты жақсарту және «Самұрық-Қазына» АҚ-ның жыл сайынғы спартакиадасына дайындық мәселесін талқылап, ой-талқы жүргіздік. Біз компанияда спортты жақсарту бойынша ұсыныстары бар презентация дайындадық. Бізде жыл сайын «АлЭС» АҚ іріктеу спартакиадасына спорттың 11 түрі бойынша 612-ге жуық қызметкер қатысады. Бұл біздің қоғам қызметкерлерінің 20%-ын құрайды.

Сондай-ақ, озып шыққан қызметкерлерге арнап Біздің спартакиадалардың жеңімпазы деген құрмет тақтасын орнату ұсынылды. Бұл біздің чемпиондарымыздың еңбегін мойындау ғана емес, сонымен қатар қызметкерлерімізді спортпен шұғылдануға ынталандырады. Атап айтқанда, мотивацияның екі нұсқасы ұсынылды: ұжымдық шарт бойынша спартакиада жеңімпаздарын марапаттау немесе фитнес-орталықтарға абонементтер беру арқылы марапаттау.

 

 

Жастар спортпен шұғылданғысы келеді, оны өз өмірінің бір бөлігіне айналдырғысы келеді, салауатты өмір салтын насихаттағысы келеді, ұжымның бірлігі үшін қызмет еткісі келеді, футбол, волейбол, баскетбол сияқты спорт түрлерінен командалық рухты нығайтуға ықпал еткісі келеді. Біз сондай-ақ спорт алаңдарымызды жаңартудың бірнеше нұсқасын ұсындық. Қазір қызметкерлер командалық ойындарға: футболға, волейболға, баскетболға үлкен қызығушылық танытуда. Бірақ қазіргі жағдайлар жастарға оларды толығымен шешуге мүмкіндік бермейді.

Сондықтан біз 1-ЖЭО және 2-ЖЭО-дегі бар алаңдарды жаңғырту жөнінде ұсыныс енгіздік. Олардың өтелуі туралы экономикалық негіздеме жүргізілді. Қазір қалада спорт залдары аз, сонымен қатар жалдау ақысы да жоғары. Ал жазда бізге ыңғайлы уақытта бос алаң табу өте қиын. Біздің нысандарда жақсы алаңдар болған жағдайда, персонал воркаут алаңы бар спортпен айналысуға арналған заманауи, жақсы жабдықталған спорт аймағында шыныға алады.

Қолданыстағы алаңдарды жаңғырту бойынша ұсыныстарды таныстыру қорытындысы бойынша, оң шешімдер қабылданған жағдайда, олар өз күшімізбен және бөгде ұйымдарды тарта отырып, кезең-кезеңімен қайта құрылатын болады.

Жалпы, басшылықпен болатын мұндай кездесулер біздің қоғам жастарының жеке дамуына жаңа леп береді деп ойлаймын. Төрағамен болатын ашық диалогтар өзекті сұрақтарды қоюға, ұсыныстарды енгізуге, талқылауға және жалпы істі алға жылжытуға мүмкіндік береді. Менің ойымша, бұл біздің қоғам жастарының соңғы жобасы емес. «АлЭС» АҚ жас энергетиктерінің басқа да бұрын жүргізілген жоспарлары сияқты осы жобалардың іске асырылатынына сенімдімін».