2023 Жер сағаты

АлЭС жұмыскерлері Қазақстанның табиғатын сақтауға шақырды

"АлЭС" АҚ төртінші жыл "Жер Сағаты" халықаралық экологиялық акцияға қатысты. Ол бүкіл әлемде Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) бастамасымен өткізіледі.

– Акцияның мәні – Жер бетіндегі климаттың өзгеру проблемасына әлемдік қоғамдастықтың барынша назарын аудару, – деді Қоршаған ортаны қорғау басқармасының бас инженері Зоя Арзюкова. – Біздің жұмыскерлер экологиялық проблемаларды шешуде біріккен іс-қимыл қажеттілігі идеясын қолдайтындықтарын білдіреді.

Биылғы акция 25 наурызда  20 сағат 30 минутта өтті. "Жер Сағаты" акциясына бүкіл әлем бойынша 2 миллиардқа жуық адам қатысады: 180 ел және 7 мың қала.

– Алғашқы экологиялық акция Сиднейде (Австралия) 2007 жылдың наурыз айының соңында австралиялық "The Sydney Morning Herald" басылымымен өткізілді, – деп жалғастырды Қоршаған ортаны қорғау басқармасының бас маманы Елена Сильвестрова. – Осы уақыт ішінде қаланың энергия тұтынуы 10%-ға қысқарды. Мамандардың бағалауы бойынша, акцияның әсері Сидней жолдарында 48 мың автомобильге аз болған сияқты. Бұл акцияны "Жер Сағаты" деп атады.

Бұл идея жыл сайын сипатқа ие болып таралып, әлемнің көптеген елдерінде танымал болды. Әлемнің мыңдаған сәулет ескерткіштері мен маңызды ғимараттары жарықтандыруды сөндіреді. Бұл мүлдем ерікті акция болғандықтан, адамдар қанша және қандай электр құрылғыларын өшіретінін өздері шешеді, ал қала басшылығы қалалық нысандарды жарықтандыруды өшіруді бастайды. Акцияны ұйымдастырушылар қауіпсіздік мақсатында көше жарығын, аэронавигациялық шамдар мен бағдаршамдарды өшіруді ұсынбайды.

Қазақстан Республикасы 2009 жылдан бері қатысып келеді. Акцияны Қазақстанның мемлекеттік және жеке ұйымдары барлық жерде қолдайды.

– "Жер Сағаты" жарықты жылына бір рет бір сағатқа өшіруде емес, оның үлесі орасан зор, – деп атап өтті Қоршаған ортаны қорғау басқармасының бас маманы Салтанат Жанахметова. – 2011 жылдан бастап акция "60+" логотипімен әйгілі, бұл акцияға қатысушыларды бір сағатпен шектелмей, планетамыздың жасқсаруына үлес қосып қадам жасайық дегенді білдіреді, мысалы, суды үнемдеуді бастау, жеке көліктің орнына қоғамдық көлікті жиі пайдалану, суға ұқыпты қарау, макулатураны үнемдеу және тапсыру.

Барлығын акцияға белсенді қатысуға шақырамыз. Саналы таңдау жасайық – бастау!!!