Ерекше, креативті, үздіктер

Байқау қорытындысы бойынша "АлЭС" АҚ жұмыскерлерінің 10 баласы жеңіске жетті

"Самұрық-Энерго" АҚ компаниялар тобы қызметкерлері балалары арасында "Жаңа жылдық іс-шараның басты кейіпкері – Аяз Атаға ерекше хат" және "Ең ерекше жаңа жылдық костюм" атты дәстүрлі конкурста "АлЭС" АҚ балалары жүлделі және көтермелеу орындарына ие болды.

Онлайн конкурс 2022 жылғы 26 желтоқсаннан 2023 жылғы 5 қаңтарға дейін 10 жасқа дейінгі балалар арасында өтті. Комиссияның қарауына "Самұрық-Энерго" АҚ компаниялар тобы қызметкерлерінің балаларынан 68 фотосурет және 42 хат келіп түсті. Келіп түскен барлық материалдарды мұқият қарап, конкурстық комиссия келесі қатысушыларды жеңімпаз деп анықтауға шешім қабылдады.

1. "Жаңа жылдық іс-шараның басты кейіпкері – Аяз Атаға ерекше хат" конкурсы:

1 орын – Молдыбеков Данат 6 жас ("АлЭС" АҚ);
2 орын – Мадиев Алинур 8 жас ("АлЭС" АҚ);

Көтермелеу сыйлықтары:

– Алтаева Дилара 8 жас ("АлЭС" АҚ);
– Біржанқызы Інжу ("АлЭС" АҚ);
– Берікбай Дария 8 жас ("АлЭС" АҚ).

2. "Ең ерекше жаңа жылдық костюм" конкурсы:

2 орын – Жайлыхан Медина 2 жас ("АлЭС" АҚ);
3 орын – Ильяшева Айдана 5 жас ("АлЭС" АҚ).

Көтермелеу сыйлықтары:

– Казбек Мансур 4 жас ("АлЭС" АҚ);
– Жауынбай Ерсултан 2 жас ("АлЭС" АҚ);
– Султан Ернур 8 жас ("АлЭС" АҚ).

Барлық жеңімпаз балалар бағалы сыйлықтармен марапатталды.