«АлЭС vibe» челленджіне старт берілді

Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО жұмыскерлері «АлЭС vibe» корпоративтік челленджін іске қосты. Акцияға қатысушылар сөз сөйлеп, эстафетаны А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-ға тапсырды. Бұл іс-шара компанияны біріктіру мақсатында, сондай-ақ ұжымға енді ғана қосылған жастар арасында корпоративтік рухты көтеру мақсатында өткізіледі.

– Маған әріптестеріммен станцияның өмірі туралы тик-ток түсіру идеясы келді. Бізді басшылық қолдады. Тик-токты түсірмес бұрын, алдын-ала дайындық жүргізіліп, жоспар жасалды. Кейбір қиындықтарға қарамастан (уақыттың жетіспеушілігі, ауа-райының қолайсыздығы), тик ток ойдағыдай шықты және оны барлығы көріп қуанды. Әріптестерден жақсы пікірлер алдық, әрине бұл қуантарлық жағдай, – деді Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО жөндеу қызметінің 1-санатты экономисі Айзада Тілеухан.

А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО ҚТ аға инспекторы Ләззат Жампозова сөзін жалғастырды:

– Біз челлендж туралы естігенде, бірден қоштауға шешім қабылдадық – бұл жастар арасында корпоративтік рухты көтерудің тамаша бастамасы болатын жақсы идея. Сондай-ақ әріптестер арасында өзін-өзі бағалау мен өзіне деген сенімділікті арттыру. Әрине көңіл-күйде көтеріңкі болады, өйткені жұмыстағы достық атмосфера лауазымдық міндеттерді сапалы орындауға әсер етеді.

Челленджге әрбір жұмыскер қатыса алады. Акция жыл соңына дейін жалғасады, оған барлық өндірістік департаменттер қатысады деп жоспарлануда.