АлЭС: болашаққа ой түзегендер

Компанияның 606 қызметкері кадр резервінде

2022 жылғы 29 қазанда "АлЭС" АҚ Директорлар Кеңесі мүшелерінің кадр резервімен кездесуі өтті. Кадр резервін қалыптастыру Компанияның үдемелі дамуының және оның кадрлық әлеуетін күшейтудің жалпы тұжырымдамасына сәйкес келеді.

"АлЭС" АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы Серік Тютебаев жыл сайын дәстүр бойынша Директорлар Кеңесінің мүшелері кадр резервімен кездесетінін атап өтті:

– Қазір мықты мамандарға үлкен сұраныс бар. Сіздердің алдыңғы қатарда болатындарыңызға және заңғар асуларды еңсеретіндеріңізге бек сенімдіміз. Сіздердің көпшілігіңіз жоғары лауазымдарға ие боласыз және кадр резервіндегі кездесуде болғаныңызды еске түсіресіздер.

Серік Тютебаев "Самұрық-Энерго" АҚ-ның даму жоспарлары мен перспективаларымен бөлісті. "АлЭС" АҚ-ны 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, 3- ЖЭО, Қапшағай ГЭС, Каскад ГЭС жаңғырту жобаларына, Кербұлақ ГЭС құрылысына егжей-тегжейлі тоқталды. Қызметкерлермен жұмыс істеуге, кәсіби денсаулық пен еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйесін жақсартуға, қауіпсіздік мәдениетін арттыруға назар аударды.

– АлЭС-те әртүрлі бағдарламалар бойынша персоналды оқыту және дамыту бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде, нақты айтқанда: тағылымдамалар, өндірістік практикалар, семинарлар, біліктілікті арттыру курстары, – деп жалғастырды "АлЭС" АҚ Басқармасының Төрағасы Ерлан Киркинбаев. – Жақын арада ауқымды бірегей жобалар іске асырылатын болады, сондықтан әрбір басшы оларды іске асыруға жұмылуы тиіс. Біздің станцияларды жаңғырту жолында әрқайсысынан кәсібилік пен бастамашылдық талап етіледі. АлЭС-те моральдық және материалдық ынталандыру арқылы қызметкерлердің еңбек нәтижелеріне қызығушылығын арттыруға бағытталған өнертапқыштық және шығармашылық ізденіске қолдау көрсетіледі.

Оюна Дашиевна, автоматика және метрология жөніндегі жетекші инженер, мұндай іс-шараға бірінші рет қатысты.

– Кадр резервінің жиналысы жайлы жағдайда өтті. Бұл өте әсері болды, – деп Оюна Дашиева өз әсерімен бөлісті. – Серік Суйінбекұлы өзінің сөзімен қобалжуымызды жеңілдетуге көмектесті. Біздің станцияны, Қапшағай ГЭС-ін қайта жаңартудың алдағы жобалары туралы білу қызықты болды. Біз гидрогенераторлардың тиімділігін арттырудың өңір үшін және жалпы Қазақстан үшін маңыздылығын түсінеміз. Ерлан Амантайұлына «бір орында қалмауға», кәсіби тұрғыдан дамуға деген ынталандыруы үшін рахмет. Сауатты мамандар – Қазақстанның болашағы!

«Энергожөндеу» ӨЖК Реттеу және діріл зертханасының жетекші инженері Берік Қонысбаев Компанияның Директорлар Кеңесінің мүшелерімен кездесуге баратынын білгенде қобалжыған екен.

– Мен өз білімі, еңбегі мен кәсібилігі арқасында едәуір биіктерге жеткен әріптесреіммен кездесетінімді түсіндім, – деді Берік Қонысбаев. – Мен де намысты қолдан бермей, өз мамандығым туралы, барлық қабілетімді, игерген тілдерім туралы білімімді барынша ашқым келді. Өз жұмысымды, энергетика саласының қызметкерлеріне қойылатын заманауи талаптарды білемін және қаламыздың тұрғындарына ертеңгі күнге сенімділік беретін инновацияларды өз жұмысыма енгізгім келеді.

АлЭС кадр резерві – сақтауды, толықтыруды және ақылды басқаруды талап ететін стратегиялық ресурс.

– Компанияның кадр резервін дайындау бағдарламасы стратегиялық мақсаттар жүйесіне енгізілген, – деп атап өтті «АлЭС» АҚ Адам ресурстары басқармасының бастығы Дария Шайжанова. – Осылайша, кадр резервіне көшбасшы болуға дайын және өз құзыреттерін күшейтумен бірге, жеткілікті біліктер мен құзыреттерге ие қызметкерлерді қабылдайды. Кадр резервіне енуге үміткердің лайықты болуы тиіс құзыреттердің жиынтығы нақты лауазымға байланысты белгіленеді. 2020 жылы кадрлық резервтен 34 қызметкер, 2021 жылы – 45 қызметкер лайықты лауазымдарға тағайындалды.

Мысалы, "АлЭС" АҚ Техникалық басқармасында кадр резервіне қабылдау үшін мамандық бойынша білімінің жоғары деңгейі, кәсіптік дағдылары, тәлімгерлікке бейімділігі, Компанияның құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерімен, мемлекеттік органдармен белгілі бір міндеттерді шешу кезіндегі жоғары коммуникативтілігі сынды қабілеттері кандидаттарды ұсынудың негізгі қағидаттары болып табылады.

Техникалық басқарманың бастығы лауазымына лайықты кадр резервінде 2018 жылдан бастап Директорлар Кеңесінің мүшелерімен кездесуге қатысқан техникалық басқарманың бас менеджері Асель Ажигүжаева тұр.

– Техникалық басқармада Асель 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Асель жұмыс істеп келе жатқан жылдарда өзін сауатты маман ретінде көрсетті, үнемі жоғары жауапкершілікпен энергия көздерінің жұмысын техникалық-экономикалық жоспарлау мен талдаудың барлық бағыттарын тамаша меңгерген, іскерлік хат алмасуды сауатты жүргізеді, басқару жөніндегі әріптестері мен өндірістік департаменттердің қызметкерлерін оқытады және кеңес береді, жоғары әдептілік танытады, оған туа біткен адамдық қарапайымдылық пен сүйкімділік тән, – деді Қайнарбек Керімқұлов, техникалық басқарманың бастығы. – Асель үнемі өз біліктілігін арттыру бойынша жұмыс істейді, түрлі семинарлардың белсенді қатысушысы болып табылады, энергия көздерінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін есептеу, отын мен суды пайдалану нормалары мен нормативтерін әзірлеу бойынша түрлі әдістемелерді дербес зерделейді. Менің ойымша, Асель Ажигүжаева техникалық басқарманың жас мамандары ұмтылуы керек эталоны болып табылады деп санаймын.

Өндірістік кадр резервінде "АлЭС" АҚ-да 480 адам тұр. Стратегиялық кадр резервінде – 126 қызметкер. 2021 жылы – қызметкерлердің 10,3%-ы лауазымға көтерілді. Ал 2022 жылдың 8 айында – персоналдың 11,6%-ы лауазымына көтерілді.

Кездесуді қорытындылай келе, қатысушылар Компанияда ілгерілеудің нақты мүмкіндігін түсіну қызметкерлердің дамуға қызығушылығы мен адалдық деңгейін арттыратынын атап өтті.