А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО: Любовь Михайловна Хохлова құрметті демалысқа шықты

2022 жылдың 16 қыркүйегінде А.Жақұтов ат. 2-ЖЭО ұжымы зейнеткерлік жасқа толуына байланысты 3 разрядты сорғы қондырғыларының машинисі Любовь Михайловна Хохлованы құрметті демалысқа шығарып салды.

Любовь Михайловна станцияға 70-ші жылдары келді. Бұл адамдарының рухы берік, алайда романтикаға бейім ерекше кезең еді ғой.

Любовь Михайловнаның жалпы еңбек өтілі 43 жылды құрайды, соның ішінде 2-ЖЭО-дағы үздіксіз жұмыс өтілі 28 жыл.

– Ол кезде біз таңдау дегенді білмедік, жұмыс істеу керек болды. Жұмысқа тұруға келдім де, ұнаған соң қалдым.

Менің алғашқы тәлімгерлерім Р.Райбаева мен В.Малимонов болды. Жұмысымның тұрақтылығы мен ұжымдағы татулық ұнады.

Станция энергия жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін тілеймін және еліміздегі энергетика саласының игілігі үшін жаңа өндірістік жетістіктер, дана, көреген шешімдер қабылдансын.