Мақсаттарымыз бен міндеттеріміз ортақ. Біз бірге мықтымыз

деп санайды "АлЭС" АҚ кәсіподақ көшбасшысы Серік Тымбасбаев. 2022 жылдың тамыз айында ол 60-қа келді

Серік Етекбайұлының еңбек жолы абыройлы: 14 жыл бойы 2-ЖЭО кәсіподағын басқарды. "АлЭС" АҚ кәсіподағының төрағасы Валерий Ситдиков сырқаттанғаннан кейінгі соңғы екі жыл ішінде әріптестері Серік Тымбасбаевты жаңа төраға лауазымына бірауыздан сайлады.

"Қазақстандық салалық энергетиктер кәсіподағы" ҚБ Төрағасы Оразбек Телібайұлы Бекбас мерейтой иесін құттықтады.

– Кәсіподақ жұмысы жеңіл шаруа емес. Адамдармен тікелей жұмыс жасайсың. Кәсіподақтың негізгі міндеті – еңбек адамына қамқорлық жасау және бұл жұмысты бірлестік арқылы және Ұжымдық шарт жасасу арқылы жүзеге асырамыз, – деп атап өтті Оразбек Телібайұлы. – Бұл жұмысты кәсіподақ жетекшілері ұйымдастырады. Серік Етекбайұлы "АлЭС" АҚ ірі энергетикалық компаниясы кәсіподағының төрағасы болып тағайындалды. Кәсіподақты басқару құрметті және жауапты іс. АлЭС кәсіподақ басшысын мерейтойымен құттықтай отырып, біз мегаполистің ірі электр және жылу өндіретін ұйымының ұжымына құрмет көрсетеміз. АлЭС кәсіподақ ұйымы жұмысының жандана түсуін тілеймін. Бұл іс оның басшысының қолында.

Компания кәсіподағының жұмысына қосқан сүбелі үлесі үшін Серік Тымбасбаев ҚЭҚ еңбек сіңірген энергетигі атағына ие болды.

– Серік Етекбайұлы адамдарға көмектесуге ұмтылатын әділ басшы. Алматы 2-ЖЭО-ға ол 2000 жылдың наурыз айында келді. Өзінің қажырлы еңбегінің арқасында бүгінде ол "Энергия" кәсіподақ ұйымының төрағасы болып жұмыс істейді. Мен Серік Етекбайұлын өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен және кәсібилікпен қарайтын сауатты маман ретінде құрметтеймін. Ол әрдайым кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда, – деп бөлісті өз ойымен А. Жақұтов атындағы 2-ЖЭО кәсіподағының төрайымы Гуля Жакаева.

3-ЖЭО кәсіподағының төрағасы Гүлнар Жаманболанова, 2021 жылы кәсіподақ пандемия кезінде "Эдельвейс" балалар сауықтыру лагерін ашып, жақсы жұмыс үлгісін көрсете алатынына ешкім сенбеген кезде, Серік Етекбайұлының ұйымдастырушылық қабілеті мен адамгершілік қасиеттерін үйлестіре білген тұлға екені байқалды.

– Біздің жетекшіміз, біріншіден, өте мейірімді адам. Мен оның біреумен ұрысып немесе жанжалға барғанын көрген емеспін, – деп пікірін жалғастырды Гүлнар Жаманбаланова. – Ол әрдайым тыңдап, барынша көмектесуге дайын адам. Біздің ұсыныстарымызды әрдайым қолдауға тырысады.

– Жұмыс берушімен біздің мақсаттарымыз бен міндеттеріміз ортақ – барша жұмыскерлеріміздің құқықтарын қорғау және лайықты еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету. "Біз бірге мықтысыз!" – деп есептейді Серік Тымбасбаев.

Естеріңізге сала кетейік, АлЭС кәсіподақ ұйымы-еліміздегі ең мықты кәсіподақ ұйымдарының бірі. "Алматы электр станциялары" АҚ кәсіподағының компания қызметкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі күнделікті қызметі барлық салаларда нақты нәтижелерге қол жеткізді. Бұл еңбекақы төлеу, көлікпен қамтамасыз ету, тамақтануды ұйымдастыру, тиісті тұрмыстық жағдайлар жасау, корпоративтік мәдениетті қалыптастыру, жас мамандардың біліктілігін арттыру, ардагерлерге көмек көрсету, қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін сауықтыру және басқа да көптеген мәселелер. Бүгінгі таңда "АлЭС" АҚ-да жұмыс істейтін – 3 112 адамның 2780-ні кәсіподақ мүшесі.