АлЭС: Реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша 2022 жылғы 1-жартыжылдық қорытындылары жөніндегі есептің жария тыңдаулары

2022 жылғы 21 шілдеде «АлЭС» АҚ тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалардың алдында 2022 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша – жылу энергиясын өндіру, магистральдық құбыржолдар арқылы су беру бойынша бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы жөнінде есеп өткізді.

«АлЭС» АҚ Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын басшылыққа ала отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтердің барлық тұтынушыларын және өзге де мүдделі тұлғаларды ақпаратты 2022 жылғы 27 маусымдағы № 120 (30349) және № 120 (29747) «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» республикалық газеттерінде жариялау арқылы және тиісінше өзінің http://www.ales.kz/ru/novosti-kompanii/203-2022-god/2109-ob-yavlenie-o-provedenii-otcheta-pered-potrebitelyami-po-reguliruemym-uslugam-po-itogam-1-polugodiya-2022-g интернет-ресурсына орналастыру арқылы хабардар етті.

Жария тыңдауларға «АлЭС» АҚ реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тұтынушылары, сондай-ақ ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Табиғи монополияларды реттеу және бағаларды реттеу бөлімінің бас маманы Б.К.Оспанова қатысты.

– «АлЭС» АҚ – табиғи монополия субъектісі, Қоғам жылу энергиясын өндіру және магистральдық құбыржолдар арқылы су беру саласындағы Табиғи монополия субъектілері мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген – деп атап өтті есебінде «АлЭС» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Асель Аргинбаева.

Жылу энергиясын өндіру қызметтеріне бекітілген тарифтік сметада көрсетілетін қызметтердің көлемі 5,6 млн. Гкал мөлшерінде көзделген. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жылу энергиясын өндіру бойынша көрсетілген қызметтердің нақты көлемі 2,8 млн. Гкал құрады, орындалуы 50 %. Жылу энергиясын сатудан түскен кіріс 10 183,0 млн. теңгені, шығыстар 10 645,1 млн. теңгені құрады. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша шығын 462,1 млн. теңге деңгейінде қалыптасты. Залалдылық себебі – жылу энергиясын өндіру қызметтеріне арналған қолданыстағы тариф табиғи монополия субъектісінің дамуына және тиімді жұмыс істеуіне бағытталатын реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынуға және пайда алуға арналған шығындарды өтеуді қамтамасыз етпейді.

ҚР ҰЭМ Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ТМРКД және ҚР Энергетика министрлігінің бірлескен бұйрығымен 2022-2026 жылдарға арналған жылу энергиясын өндірудің реттеліп көрсетілетін қызметі бойынша «АлЭС» АҚ инвестициялық бағдарламасы бекітілді. Өз қаражаты есебінен көзделген іс-шаралар 2022 жылға бекітілген инвестициялық бағдарламада 1 631,1 млн. теңгені құрайды.

Табиғи монополия субъектісінің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес инвестициялық бағдарламаның көрсеткіштері бір жылға бекітіледі. 1-ші жартыжылдықта нақты орындалуы 55,8 млн. теңгені немесе 3%-ды құрады. Жыл қорытындысы бойынша «АлЭС» АҚ бекітілген инвестициялық бағдарлама көрсеткіштерінің толық орындалуын болжап отыр.

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында «АлЭС» АҚ «Алматы 2-ЖЭО-сын қайта құру және кеңейту. III кезек. №8 қазан агрегаты» инвестициялық жобасын қаржыландыру мақсатында тартылған инвестициялық несие бойынша 1 870,1 млн.теңге сомасындағы, оның ішінде жылу энергиясын өндіру қызметінен 587,4 млн. теңге мөлшеріндегі негізгі борышты төлеуді жүзеге асырды.

2022 жылдың 1-ші жарты жылдығының қорытындысы бойынша магистральды құбыржолдар арқылы су беру қызметі бойынша көрсетілген қызметтердің нақты көлемі 14,8 млн. м3 құрады, орындалуы 50%. Химиялық тазартылған суды өткізуден түскен табыс 899,8 млн. теңгені, шығыстар 960,5 млн. теңгені, шығын 60,7 млн. теңгені құрады.

ҚР ҰЭМ Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ТМРКД және Энергетика министрлігінің бірлескен бұйрығымен 2021-2025 жылдарға арналған магистральды құбырлар арқылы су беру қызметтерінің инвестициялық бағдарламасы бекітілді. 2022 жылға күрделі салымдар сомасы 42,2 млн. теңгені құрайды. Игеру ағымдағы жылдың екінші жартысына жоспарланған.

Сондай-ақ, сөз сөйлеу барысында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың сапасы мен сенімділігінің көрсеткіштерін сақтау мәселелері талқыланды, жылу энергиясын өндіру бойынша көрсетілетін қызметтер тарифтерінің ықтимал өзгерістері талқыланды, басым инвестициялық жобаларды іске асыруды ескере отырып, компания қызметінің перспективалары айқындалды.

Баяндаманы тыңдағаннан кейін ҚР ҰЭМ Алматы қаласы бойынша ТМРКД өкілі «Алматы 2-ЖЭО-сын қайта құру және кеңейту. III кезек. №8 қазан агрегаты» жобасын қаржыландыруға тартылған несие бойынша негізгі қарызды төлеудің сомасы мен аяқталу мерзімі жөнінде сұрақтар қойды. Барлық сұрақтарға толық жауап берілді.