Өз ісінің білгірі, зиялы, адал, білімдар ...

БЖК бас инженерінің орынбасары Сергей Владимирович Попов жөнінде әріптестері осылай дейді

Батыс жылу кешені үшін мерейтойлық жылы біз мұнда жұмыс істейтін адамдар жөнінде айтуды жалғастырамыз.

Сергей Владимирович Попов өзінің еңбек жолын 1993 жылы Алматы қаласының энергожүйесінде БЖКБ (Батыс жылу кешенінің бактары) кезекші электр монтері қызметінен бастады. Содан кейін ауысым шебері болып жұмыс істеді. Кейіннен бұл бөлімше Мазут цехы ретінде Алматы 2-ЖЭО құрамына берілді.

1998 жылдан бері Сергей Владимирович Жаңа-Батыс қазандығы (ЖБҚ) бастығының орынбасары болып жұмыс істеп келеді, ал 2000 жылы оның БЖК құрамындағы бастығы болды.

– Бала кезімнен мен матрос болуды армандадым, бірақ бұл арман болып қала берді, – деп еске алады Сергей Владимирович. Мектептен кейін ол энергетика институтына түсті, өйткені ол адамдарға энергия әрқашан қажет болады деп есептеді.

Менің өндірістегі тәлімгерлерім Виктор Васильевич Сиробаба, ЖБҚ қазандық цехының бастығы Владимир Александрович Альбрехт, БЖК бас инженері, БЖК директорының орынбасары Леонид Францевич Ляер болды. Оларға қарап, мен өндіріс үшін жауапкершіліктің не екенін және өз саламның маманы болудың өте маңызды екенін түсіндім. Бұл әрқашан көбірек білуге, біліміңізді жаңарып отыруға және тәжірибе жинауға деген ұмтылысты білдіреді.

Ұжыммен, өндіріспен қоштасатын кездің қалай келіп жеткенін байқамай да қалдым. Жаман адам болмауға тырыстым. Менің ойымша, энергетика үшін аса ерекше қасиеттер қажет те емес, достық шырай танытып, қарым-қатынас жасай білсең жеткілікті деп санаймын. Бір кездері БЖК директорының орынбасары Леонид Францевич Ляер маған ең жақсы: «Өмірді түсінген адам асықпайды!» деген өте қарапайым да дана кеңес берген еді Мен үшін өмірдегі басты нәрсе – лайықты өмір сүру. Мен үшін мәңгілік құндылықтар – Киелі кітаптан алынған: «Көршіңді өзіңдей сүй!» деген жолдар.

Сергей Владимирович өзінің дағдылы жұмыс күндеріне әрдайым шығармашылықпен қарайтын, оған «Алматыэнергоға» жұмысқа орналасқанға дейін жобалау ұйымдарында қол жеткізген көпжылдық жұмыс тәжірибесі көмектесті. Қарулы күштерде қызмет еткен кезінде ұқсас мамандығы бойынша ол қазандық қондырғысының операторы болған еді.

Өзінің бар жинақтаған тәжірибесін Сергей Владимирович өз жұмысында шебер қолдана білді. Оның жұмыс істеу мәнері қол астындағы жұмыскерлердің сұйіспеншілігі мен басшылықтың оң бағасына ие болды.

2002 жылдан бастап Сергей Владимирович БЖК бас инженерінің орынбасары болып жұмыс істейді. Сергей Владимирович БЖК құрамына кіретін тағы да екі қазандықтың: Батыс және Оңтүстік-Батыс қазандықтарының жабдықтары мен схемаларының өзгешеліктерін ынтамен зерттеп шықты. Жаңа орында оның жұмысқа деген көзқарасы айтарлықтай нәтиже берді. Көп ұзамай барлық жұмыскерлер оған кеңес алу үшін келетін болды, әсіресе егер бейқалыпты жағдаяттардың туындауы кезінде олардан шығудың ең оңтайлы жолдарын Сергей Владимирович тауып отыратын.

Сергей Владимирович жөнінде әріптестерінің айтатындары:

– Кәсіби қасиеттерден басқа, оның адами қасиеттері – зиялылық, тәртіптілік, білімділік және жұмыскерлерге олардың мәртебесі мен лауазымына қарамастан құрметпен қарау. Мен үшін ол заманауи басшының үлгісі болып табылады, – деп атап өтті ӨТБ бастығы Владимир Владимирович Сосницкий.

Көп жылдар бойы С.В. Поповтың қол астында жұмыс істеген Тосик Татьяна Витальевна:

– Ол техникалық жағынан өте сауатты маман, БЖК-ны өзінің бес саусағындай біледі. Мен оның кәсіби және адами қасиеттерін бағалаймын. Сергей Владимирович ешқашан дүрбелең тудырмайды, әрдайым сабырлы, жұмысты нақты және сауатты ұйымдастыра біледі, жұмыстағы барлық мәселелерді әрқашан талқылай аласыз. Біздің ұжымда жақсы жұмыс атмосферасы қалыптасқан, ол жұмыскерлерге әрдайым құрметпен қарайды.

Қазіргі уақытта Сергей Владимировичтің өзінің еңбек жолын аяқтап, құрметті демалысқа шығуы керек сияқты. Бірақ бұл мүлдем олай емес – оның бәрінен бұрын көп күш-жігер мен еңбекті қажет ететін жазғы саяжайы бар. Батыс жылу кешенінің ұжымы оған алдағы уақытта да еңбек табыстарын тілейді!