3-ЖЭО: Владимир Александрович Стафоровты құрметті демалысқа шығарып салу

2022 жылдың 24 мамырында 3-ЖЭО ұжымы электр цехының айналмалы механизмдері бойынша өндірістік учаскенің аға шебері Владимир Александрович Стафоровтың зейнеткерлік жасына жетуіне байланысты құрметті демалысқа шығарып салды. Владимир Александрович Стафоровтың жалпы еңбек өтілі 45 жылды құрайды, оның ішінде 3-ЖЭО үздіксіз жұмыс өтілі 27 жылды құрайды.

Владимир Александрович өзінің еңбек жолын 3-ЖЭО-да 1994 жылы электр цехының 6 дәрежелі электр монтаждаушысы болып бастады. 1996 жылы электр цехының шебері болып ауыстырылды, 2005 жылдан бастап өндірістік учаскенің аға шебері болып жұмыс істеді.

Жұмыс барысында Владимир Александрович өзін жоғары кәсіби маман, тамаша басшы ретінде көрсетті. Өзінің лауазымдық міндеттеріне адал және жауапкершілікпен қарап, орындады. Сенімді жұмысымен, жоғары жеделдікпен және үлкен шеберлігімен электр станциясының электр жабдықтарының апатсыз жұмысын қамтамасыз етеді. В.А.Стафоровтың басшылығымен электр цехының персоналы жөндеу бойынша жоспарлы тапсырмаларды тамаша сапамен орындады. Бағынысты персоналдың, сондай-ақ мердігерлік ұйымдардың жөндеу персоналының электр жабдығында сапалы жөндеу жүргізуіне тұрақты бақылау жүргізді. Өзінің кәсіби білімін, сонымен қатар бағынышты қызметкерлердің білімін үздіксіз арттырып отырды.

Владимир Александрович ұжымның қоғамдық өміріне де белсенді қатысады, тәлімгерлік жұмысын жүргізеді. Электр цехының ұжымында беделді және құрметке ие. В.А.Стафоров жас жұмысшыларға беретін үлкен жұмыс тәжірибесі бар білікті маман. Ондаған жас мамандар дайындады.

3-ЖЭО ұжымы Владимир Александрович Стафоровқа ұзақ өмір, мықты денсаулық пен отбасылық бақытының баянын тілейді!!!