А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-дағы «Батыл Тойтарыс – 2022» оқу –жаттығулары

Стратегиялық объектілерді қорғау және күзетуге арналған "Батыл Тойтарыс – 2022" кешенді ведомствоаралық стратегиялық командалық штабтық оқу-жаттығу бағдарламасына сәйкес сондай стратегиялық обьектілердің бірі болып табылатын "АлЭС" АҚ А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО өндірістік департаментінде Алматы қаласы Алатау ауданының аумақтық қорғаныс бөлімшелерін өрістету туралы шешім қабылданды. Арнайы әскери жиындарға әскери және төтенше жағдай кезінде объектілердің тұрақты және қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін әскери міндеттілер қатарындағы адамдар шақырылды.

– Мұндай оқу-жаттығулар станцияда бірінші рет өткізілуде. Оқу-жаттығу 2022 жылғы 11-22 сәуір аралығында өтеді. Он күндік оқу- жаттығуға 56 адамнан тұратын рота жұмылдырылып, А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО аумағында орналастырылды – деп атап өтті "АлЭС" АҚ АҚ АҚ және ТЖ қызметінің бастығы Александр Довжик.

Оқу-жаттығуды өткізу кезінде әскери қызметшілер 2-ЖЭО-ның нақты учаскелерінде қызмет атқарады.

 

– Біз объектінің инженерлік-техникалық нығайтылғанын көрсеттік және штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтап жатырмыз. Осы нысанды күзету және қорғау ерекшеліктері нақтыланды. Қызмет атқару кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша мәселелер пысықталды,-деп толықтырды 2-ЖЭО АҚ ТЖ штабының бастығы Санжар Алғазин.

Оқу-жаттығу кезінде өткізілетін барлық іс-шаралар әскери және төтенше жағдай кезінде объектіні бірлесіп күзету үшін ортақ ұстанымды тұжырымдау үшін қажет.

Алматы қаласы аумақтық қорғаныс бригадасының командирі подполковник Ержан Рымбек арнайы оқу-жаттығуды өткізу кезеңінде белгіленген міндеттерді пысықтау үшін Алматы қаласының аумақтық қорғаныс күзет ротасы 2-ЖЭО-ға тартылғанын атап өтті. Рота объектіні қорғауға алды. Күзетілетін секторлар бөлініп, жылжымалы патрульдік бекеттерге арналған маршруттар жасалды. Әскери міндеттілер күн сайын әскери қарумен жүріп станцияда қарауылдық қызметті жүргізеді.

– Станция қызметкерлері күзет ротасымен үйлесімді әрекет жасайды, – деді Алатау ауданы аумақтық күзет батальоны 1 ротасының командирі лейтенант Ерлан Өтениязов. – Нысанды қорғау және күзету үшін ротаның жеке құрамы Іле жаттығу алаңында іс-қимылдарды үйлестіру және қару қолдану бойынша жоқу-жаттығулардан өтті.

Оқу-жаттығу шеңберінде орындалатын іс-шаралар Президенттің күш құрылымдары арасындағы іс-әрекетті тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларына жауап береді және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жүргізіледі.