АлЭС Көктем-2022 республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысты

2022 жылғы 3 және 4 наурызда «АлЭС» АҚ 2022 жылғы су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-шараларды орындау бойынша «Көктем-2022» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуға қатысты.

Бірінші күні АҚ және ТЖ штабтары сигнал алғаннан кейін жеке құрамды жинауды ұйымдастырды, азаматтық қорғау бойынша күштер мен құралдар дайындыққа келтірілді. Шұғыл әрекет ету жасағының байқауы өткізілді. Байқауға 10 бірлік техника мен 29 адам қатысты.

Екінші күні 2-ЖЭО аумағында ықтимал төтенше жағдайды жою бойынша тәжірибелік іс-шаралар пысықталды.

Тактикалық-арнайы оқу-жаттығудың мақсаты бойынша күрт жылынуға байланысты Қарғалы өзенінің сағасына су жіберілді. Нәтижесінде қоқыс ұстағыш ауданындағы су деңгейі көтеріліп, қазандық цехы мен жөндеу-құрылыс цехы станциясының тазартылған сорғысын суын су басты. ТЖ жою үшін өндірістік персонал, «Қазақстан-Күзет» ЖШС құтқару командасы, «Мусахан-Секюрити» ЖШС жеке күзет агенттігі, автомобиль және арнайы техника тартылды. Азаматтық қорғау жылу шаруашылығы қызметінің қатысуымен Алматы қ. су тасқыны салдарынан туындаған шартты ТЖ жою бойынша барлық салдарлар белгіленген мерзімде жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Қала халқын және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін жылумен және электрмен жабдықтауда іркілістер болған жоқ.

«АлЭС» АҚ-да азаматтық қорғаудың 64 құрылымы, автомобиль, инженерлік және басқа да арнайы техниканың 99 бірлігі бар. 

Барлық қызметтер алдына қойылған міндеттерді орындады. Оқу мақсаттары қол жеткізілген болып саналады.