Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО кеңейту бойынша қоғамдық тыңдаулар

2022 жылғы 22 ақпанда 1-ЖЭО ашық жиналыс түрінде, сондай-ақ ZOOM платформасы арқылы бейнеконференция байланыс режимінде қоғамдық тыңдау өтті, онда қуаты 200-250 МВт бу-газ қондырғыларын салумен Алматы 1-ЖЭО кеңейту мәселелері талқыланды.

Жобаны іске асыруға байланысты негізгі аспектілер жайлы тезис түрінде баяндасақ:

– Табиғи ресурстарды пайдаланудың тиімділігі және қаланың қоршаған ортасына техногендік жүктемені төмендету тұрғысынан газды неғұрлым тиімді технологиялар – газтурбиналық қондырғыларда пайдалану нұсқасы неғұрлым ұтымды болып табылады. Жылу мен электр энергиясын өндіру мақсатында қымбат «таза» отынды неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін бу-газ технологияларын қолдану әлемдік қоғамдастықта ең үздік қолжетімді технология ретінде танылды.  

– Табиғи газдағы ең озық қолжетімді технологияларды ескере отырып және 1-ЖЭО белгіленген қуатын ұлғайтуды, маневр жасау мүмкіндігін ескере, бу-газ циклын іске асыра отырып, қолданыстағы жабдықты қазіргі заманғы жаңа газ-турбиналық қондырғыларға ауыстыру көзделуде. Қайта жаңартудан кейін 1-ЖЭО белгіленген қуаты: алдын ала бағалау бойынша: электр – 200-250 МВт, жылу – 950 Гкал/сағ, жиынтық қуаты – 1 355 МВт құрайды. 

– 1-ЖЭО кеңейту кезінде өндірістік ағындарды кәдеге жарату үшін қалалық кәрізге бұрудың баламасы ретінде қолданыстағы күл үйіндісіндегі буландыру алаңы көзделеді. 

– 1-ЖЭО-ны кеңейту нәтижесінде атмосфераға ластаушы заттар шығарындылары 2021 жылмен салыстырғанда екі есеге артады. Шығарындылардың ұлғаюы станцияның кеңеюіне және белгіленген электр қуатының ұлғаюына байланысты өндіріс көлемінің өсуіне байланысты. Өнім өндіру көлемі есепті 2021 жылмен салыстырғанда екі еседен астам ұлғаяды: 2,0 млрд кВтс-тан 4,8 млрд кВтс-қа дейін. Бұл ретте кеңейту нұсқаларында отынды неғұрлым тиімді пайдалану есебінен жағылған отынның тоннасына ластаушы заттардың үлестік шығарындылары аулау отынының 2,9 кг/тоннасынан шартты отынның 2,3 кг/тоннасына дейін қысқартылады.

Жария тыңдаулар ҚР Экологиялық кодексіне, Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларына сәйкес ұйымдастырылды және жергілікті атқарушы орган өкілінің, экожүйелерді тиімді басқару қызметінің бас маманының төрағалық етуімен, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне (ТЭН) Тапсырыс беруші – «АлЭС» АҚ, ТЭН әзірлеуші – «КазэнергоөнеркәсіптікҒЗЖІ» Институты АҚ және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қатысуымен өткізілді.