Өз ісін жақсы біледі, әрдайым үйретуге және көмектесуге әзір

Деп сипаттайды ұжымдастары Александр Николаевич Папоновты, БЖК электр техникалық цехының 5 разрядты электр техникалық желілерінің электр жабдығына қызмет көрсету жөніндегі электр монтері.

Александр Николаевич 1959 жылы 4 қаңтарда Ресейде дүниеге келді, 1961 жылы Алматы қаласына көшті. Әкесі – жүргізуші, анасы краншы. Бала кезінен Александр Николаевич барлық қозғалатын техникаларға – автомобильдерге, велосипедтерге, мопедтерге және т.б. үлкен қызығушылық танытты. 

8 сыныпты бітіргеннен кейін, 1974 жылы Алматы жеңіл өнеркәсіп және тұрмыстық қызмет көрсету техникумына түсіп, «Техник-электрик» мамандығын игеріп шықты. Содан тағайындалуы бойынша Алматы тұрмыстық қызмет көрсету ҒЗИ-да, «Күрделі тұрмыстық техника» бөлімінде жұмыс істеді. Елде қайта құру басталған кезде жұмыста қиындықтар туындады.

1988 жылы БЖК ауысым бастығы болып жұмыс істеген досының кеңесі бойынша БЖК электр монтер ретінде жұмысқа орналасты. Міне, 34 жылдай уақыт өз мамандығына адалдық танытып келеді.

– Жұмысым маған бірден ұнады, қызықты болды – мүлдем жаңа бағыт, басқа талаптар, – дейді Александр Николаевич. – Бұған дейін де мен әрине, электр қуатымен жұмыс жасасам да, алайда мұндай көлеммен алғаш кездестім. Мен қызмет көрсететін барлық жабдықтарды зерттеу үшін көп ізденіп, тынбай жұмыс істеуім керек болды. Барлығын – құрылғыларды, жұмыс принципін, ақаулар, оларды жою әдістері мен тәсілдерін тезірек білуге деген ұмтылысым, сондай-ақ сенімді болу және үлкен жауапкершілік сезімі маған кәсібімнің қыр-сырын игеруге көмектесті. Тәжірибелі әріптестеріме – менің тәлімгерлеріме: ауысым бастығы Владимир Дубровскийге, ЭТЦ шебері Александр Принцке, сондай-ақ электр монтер Сергей Шабалинге көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін жеке алғысымды білдіремін. Менің ойымша, кәсібін толыққанды игерем деп шешкен адамға бәрі мүмкін, мен үшін де солай болды. БЖК әріптестеріммен бірге өз еліме пайда әкелетінімді мақтан тұтамын, бұл сезім маған қуаныш пен тыныштық сыйлайды.

Ұжымдастары Александр Николаевичті өзара дядя Саша деп атайды.

 

Олар БЖК электротехникалық цехының шағын, бірақ тату ұжымында жұмыс істеген уақытта дядя Сашаға қатты бауыр басқандарын, оны зейнеткерлік демалысқа жібергісі келмейтіндерін айтады. Ол өте мейірімді, қарапайым, сауатты және еңбекқор адам. Өз ісін жетік меңгерген, әрқашан жұмыста да, өмірде де кеңес беруге және көмектесуге дайын жан. Біз дядя Сашадан көп нәрсені үйрендік, өз еңбегімен және жұмысқа деген көзқарасымен бізге – электротехникалық цехтың қызметкерлеріне үлгі көрсетіп келеді. Біз оған ұзақ өмір және мықты денсаулық тілейміз және онымен жұмыс жасағанымызға өте қуаныштымыз.