Достық шекараны білмейді

Қазақстан Республикасының Алматы қаласы сияқты ірі мегаполисінің тіршілігін қамтамасыз ететін «АлЭС» АҚ сынды аса маңызды стратегиялық объектін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бітімгершілік күштерінің күзетке алуы қаланы электр энергиясымен және жылумен қамтамасыз ету жөніндегі қалыпты және үздіксіз жұмысқа көп ықпал етті.

2022 жылдың 7 қаңтарында 2-ЖЭО күзеті Ұлттық ұлан әскери бөлімшелерінің күшімен күшейтілді, – деді «АлЭС» АҚ және ТЖ қызметінің бастығы Александр Довжик. – 8 қаңтардан бастап оларды ҰҚШҰ бітімгершілік күштері алмастырды. 9 қаңтардан бастап бітімгершілік күштер 1-ЖЭО және 3-ЖЭО күзетті. Станциялардың барлық аумақтарының өткізу режимі мен периметрін күзету күшейтілді. 

«Біз тәртіпсіздіктер туралы білгенде, қызметкерлер мазасызданды. Бірақ бітімгершілік күштері енгізілгеннен кейін біздің қызметкерлер өздерін біршама сенімді сезініп, қорғалуда екенін білді. Бұл электр станциясының барлық ұжымына тыныштық пен сенімділік әкелді», – деді 2-ЖЭО пайдалану жөніндегі бас инженердің орынбасары Абзал Жақыпов.  

Станция қызметкерлері бітімгер сарбаздарды жылы шыраймен қарсы алды. 1-ЖЭО-да тіпті Тәжікстаннан келген сарбаздарға дәмді палау дайындалды, әрқашан ыстық шай дайын болды. 2-ЖЭО-да түскі ас берілді.  

– Өзара келісім бойынша біздің станция асханасындағы аспазшыларымыз бітімгерлерге олардың өнімдерінен таңғы ас пен түскі ас дайындаса, кешкі асытарын бітімгерлер өздері дайындады. Біз сарбаздарға термопод, тамақ жылытатын қысқа толқында пеш, шәйнек ұсындық. Оларға тіске басар кәмпит, печенье және шай мен кофе сатып алдық, – деді 3-ЖЭО кәсіподақ комитетінің төрайымы Гүлнара Жаманбаланова.

Өндірісте тәулік бойы вахта атқарып жүрген ҰҚШҰ әскери контингентінің сарбаздары мен офицерлері электр станцияларының барлық өндірістік объектілері мен оның мүлкінің толық тұтастығын сақтауға ықпал ете отырып, ешқандай құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеді. 

2022 жылдың 12 қаңтарында 1-ЖЭО және 2-ЖЭО, 13 қаңтарда 3-ЖЭО департаменттерін қорғаған бітімгерлерді ҚР ҚМ әскери бөлімдері ауыстырды.

«АлЭС» АҚ ұжымы Алматы станцияларын күзетуге күш салған РФ, Тәжікстан Республикасы және Қырғызстан Республикасы ҰҚШҰ бітімгершілік күштері әскери контингентінің сарбаздары мен офицерлеріне үлкен алғысын білдіреді.

Осының бәрі Қазақстан мен оның көп ұлтты халқы үшін ауыр күндерде бітімгершілік әскери контингенті шынайы достықтың шекарасы жоқ екенін көрсетті.