АлЭС: Қоршаған ортаны  қорғау саласындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойылды 

2021 жылғы 29 қазанда «АлЭС» АҚ, «Каздоринновация» ҒЗжӨК» ЖШС  және  «Дортранс»   ЖКМ  ҚазҒЗжЖИ»  ЖШС  өкілдерінің ресми кездесуі өтті.  

 «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Ерлан Киркинбаев өз сөзінде компания станциялардағы күл-қож қалдықтарын қайта өңдеу жөніндегі табиғатты қорғау жобасын іске асыруға мүдделі екенін атап өтті. Осыған байланысты меморандумға қол қою келешектегі  жемісті ынтымақтастықтың бастапқы нүктесі болады.

Алдағы ынтымақтастықтың құндылығын атап өткен «Каздоринновация» ҒЗжӨК» ЖШС директоры  Руслан Асматулаев өзара  бірлескен іс –әрекеттердің  жол  құрылысында, атап айтқанда, жол-көлік конструкциялары монолитті  құрылысының  тиімді технологияларын  енгізу кезіндегі пайдалану үшін Б.Оразбаев атындағы 1- ЖЭО, А. Жақұтов атындағы 2-ЖЭО, 3-ЖЭО  күлдерін кәдеге жарату және қайта өңдеу жобаларын  жүзеге асыруға бағытталатынына сенім білдірді.

 

Кездесу нәтижесінде  тараптардың бірлескен жобаларды  ілгерілетуге және іске асыруға  бағытталатын үйлестірілген күш-жігерді  қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара іс-қимыл шеңберіндегі ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Осы Меморандумды іске асыру ҚҚҚ (күл-қож қалдықтарын)  автомобиль жолдары 

құрылысын жобалау жұмыстарында пайдалануға, мегаполисіміздегі экологиялық ахуалды жақсартуға игі ықпал етеді деп  болжамдалуда. Меморандум - 2021 жылғы 10 маусымдағы Алматы ЖЭО күл-қож қалдықтарын қайта өңдеу жобасын іске асыру бойынша Жол картасын шешудің кілті.