2021 жылғы 1 қарашадан бастап кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтерге тарифтің өзгеруі туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті Алматы қаласы бойынша департаментінің 2021 жылғы 26 қазандағы № 110-НҚ бұйрығымен 2021 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілумен бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тариф 340,60 теңге/вагон-км (ҚҚС есебінсіз) мөлшерінде бекітілді. Аталған тариф 2019 жылдан бастап көрсетілетін қызметтердің іс жүзіндегі көлемінің өзгеруін, шикізатқа, материалдарға, жұмыстар және қызметтерге арналған бағаның өсуін ескереді.