Батырдың рухы - мәңгілік Батыс жылу кешені қазандық цехының аға шебері Айбол Дәулетов өзінің сүйікті ісі туралы ойымен бөлісті

Мен тарихқа бұрыннан қызығатынмын, өйткені мен Алматы қаласы Қожа Ахмет Яссауи атындағы №123 көпсалалы мектеп-гимназиясында тарихты тереңдетіп оқыған сыныпта оқыдым. Менің сүйікті ісім осыған  тікелей байланысты.

Мен екі метрлік бойыммен батырлардың ұлттық киімдерін көрсету үшін іріктеуден өттім. Киімінің салмағы 25-30 кг, қаруы да 20 кг болса да, батырдың киімінен күш пен рухты сезінемін. Бірақ бір кемшілігі бар: киім әрқашан ыстық.  Қазақтарда атқа мінетін арнайы киім болмаған, ең бастысы атты басқара білу керек еді, ал біз оған бала кезімізден үйрендік, қанымызда болғасын болар.

 Батыр үшін қару-жарақ пен қорғаныс мәселесі өте маңызды болды. Сапалы қару-жарақ пен құрал-сайманнан тек әскери емес,  өмірдің  жетістігі болып саналды. Жалпы, халықтың ортағасырлық қорғаушыларының қаруы бес түрге бөлінді-бес кару. Бұл лақтыру, кесу, шабу, тесу және соққы қаруы. Мысалы, батыр бейнесінде менің қорғаныс құралым бар-ол толықтай табиғи былғарыдан тігілген сауыт, ал менің қаруым найза мен айбалта. Мен тек батыр ғана емес, аң аулау үшін бүркітті қолданатын аңшы да боламын. Орталық Азияның көшпелі халықтарында, негізінен қазақтар, қырғыздар мен моңғолдарда бүркітті түлкі-қарсақ, қоян, ақбөкен, қарақұйрық, кейде қасқырды аулау үшін аңшы құс ретінде пайдаланылады.

Қазақстанда ұлттық қазақ киімі күні бекітілді - оны сәуірдің соңғы жұмасында атап өту туралы шешім қабылданды.

Біз негізінен ұлттық мерекелерде, Наурыз айында 22 наурызда өнер көрсетеміз. Алматы қаласының . алаңдарда шерумен шығамыз. «Сұлтан сері Этно театры» театрындағы спектакльдерге қатысамыз. Сондай-ақ адамдар тілашар, мерейтойлар, сүндет той, жас жұбайлардың тағы басқа тойларды өткізу кезінде бізге жүгінеді. Тойдағы қонақтар бізге таңдана қарап, өзара қазақтар бір кездері сондай бойлы әрі көрнекті болғанын, ал бүгінгі біздің ұлттық киімдегі әдемі жігіттер сирек кездесетінін айтады…

Болашақ ұрпаққа кең байтақ жерлерді  қалдырып және өз халқын қорғауды мақсат еткен жаужүрек батырларымызға менің әрқашан ұқсағым келетін. Олардың әрқайсысы үлкен құрметке лайық.

Біздің жігіттер Лондонда және басқа қалаларда ежелгі түріктердің ұлттық киімдерімен өнер көрсетті. Мені де шетелге шақырды, бірақ мен бас тарттым, өйткені энергетикадағы жұмысымыз жауапкершілік пен тәртіпті талап етеді. Мен өз жұмысымды ұнатамын, ал сүйікті ісім жұмыс пен отбасыман кейін үшінші орында тұр.