Теңдесі жоқ, ірі тұлға - Нурлан Тауфикұлына деген алғысымыз шексіз!

Мұхамед-Рахимов Нұрлан Тауфикұлы зейнет жасына толуына байланысты «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы лауазымын босатты.

 

   Алматы энергетикалық станцияларының мыңдаған ұжымы бұл хабарды түсіністікпен қабылдады, өйткені біз көптеген сынақтар мен жеңістердің қиын жолынан бірге өткенбіз. Алматы энергетикалық кешені кеңестік кезеңдегі қиын сәттерді бастан кешіп, тек энергетиктердің ерік-жігері, кәсібилігі мен жоғары жауапкершілігінің арқасында жұмысын жалғастырған сәттің де куәсі -біз. «АлЭС» АҚ-ны қалпына келтіру және жаңғырту кезінде де біз бір болғанбыз. Біз Алматы энергетикалық кешенінің экологиялық даму бағдарламасын бірге әзірледік және соңғы онжылдықта осы көпсатылы жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асырудамыз. Біз 2020 жылы еліміздің басына төнген індеттің кесірінен қиынға соққан ауыр жылды бірге өттік, көпшілігі қашықтан жұмыс істесе де, қысқартылған құрамда бір де бір елеулі іркіліске жол бермедік.

Энергетикада 1980 жылдан бері, яғни қырық жылдан астам уақыт еңбек етіп келе жатқан Нұрлан Тауфикұлының әр учаскені білетініне, әріптестерін тыңдап, ең дұрыс, салмақты шешім таба алатынына, біз әрқашан сенімді болдық! Әрине, бұл сөздің жаны бар, себебі 2-АЖЭО-2 электр цехының кезекші электр монтері болып бастаған Нұрлан Тауфикұлы бастықтың орынбасары секілді инженерлік сатыдан  2-ЖЭО электр цехының бастығы, кейін «АПК 2-ЖЭО» АҚ бас инженері, содан «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасына дейін көтерілді.

 

Көшбасшының, мамандардың, ұжымның кәсіби диалогы-бұл тұрақты және үздіксіз, сонымен қатар қауіпсіз жұмыстың негізі. Бұл барлық энергетикалық кешеннің табысты жұмысының базалық элементі болған сенім мен жауапкершілік деңгейі. Осы жылдар ішінде: 1-ЖЭО қайта құру және кеңейту, газға ауыстыру; Каскад ГЭС қайта құру және жаңғырту сәтті жүргізілді; 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО қазандық агрегаттарында жаңа буынды эмульгаторлар мен жанарғы құрылғыларын енгізе отырып, атмосфераға шығарындыларды жылына 3 000 тоннадан астам төмендетті, көптеген басқа да проблемалық мәселелер шешілді.

 

Әрине орнын басар адам табылар, дегенмен жинақталған тәжірибе мен үздіксіз өндірістік циклдің тетіктері Алматы энергетикалық кешенінің дамуына мүмкіндік беретін бүкіл ұжымның, оның ішінде жас энергетиктердің игілігі. Нұрлан Тауфикұлының тәжірибесі, білімі, кеңестері «АлЭС» АҚ энергетиктер ұжымында сұранысқа ие, әрі де ұзақ жылдар бойы бізбен берік байланысты сақтайды деген үміттеміз. Ұрпақтар сабақтастығы-бұл алматылық энергетиктердің де жақсы дәстүрі.

Өз ісінің биік шыңына жетіп, біршама жас энергетиктерге білімі мен тәжірибесімен бөліскен Нұрлан Тауфикұлы Мұхамед-Рахимовке зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, сарқылмас күш-қуат, отбасыңызға амандық және ел игілігі жолында атқарған жауапты қызметіңіздің берекесін тілейміз.

                                                                               «Алматы электр станциялары» АҚ ұжымы